"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Ақмола облысы әкімдігінің және Ақмола облыстық мәслихатының қарауына Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туарлы" бірлескен Ерейментау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № а-11/383 қаулысының және Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 қазандағы № 6С-30/5-18 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округінің Веренка ауылы басқа қоныстар санатына жатқызылсын және есептік деректерден шығарылсын және оны Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі Еркіншілік ауылының құрамына енгізу.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
Е.Маржықпаев |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Ғ.Бекмағамбетов |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
А.Баймағамбетов |