"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұланды ауданы әкімдігінің "Бұланды ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін есепке алатын аймаққа бөлу коэффициенттерiн бекіту туралы" 2018 жылғы 1 маусымдағы № А-06/162 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6679 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Ерсейітов |