Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 05 қазандағы қорытындысы негізінде, Даниловка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды ауданы Алтынды ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Шахтовая және Заводская көшелері Бөгенбай батыр көшесіне;
2) Клубная және Советская көшелері Бейбітшілік көшесіне;
3) Куйбышева және Садовая көшелері Қабанбай батыр көшесіне;
4) Октябрьская, Урицкая және Базарная көшелері Тәуелсіздік көшесіне;
5) Ворошилов және Береговая көшелері Достық көшесіне;
6) Озерная және Макинская көшелері Абай көшесіне;
7) Степная көшесі Тұрсынбек Кәкішев көшесіне;
8) Крайняя көшесі Амангелді Иманов көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Даниловка ауылдық округінің әкімі |
М.Байжанов |