РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Никольск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды ауданы Никольск ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Привокзальная көшесі Төле би көшесіне;
2) Пролетарская көшесі Ақан сері көшесіне;
3) МПС көшесі Достық көшесіне.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Никольск ауылдық округінің әкімі | П.Ш. Кабдин |