"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Егіндікөл ауданы әкімдігінің "Егіндікөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" 2018 жылғы 11 мамырдағы № а-5/82 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6647 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімі |
Е.Исабеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Егіндікөл ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Ғ.Айтмағамбетов |