2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Аңғал батыр ауылдық округінің әкiмі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Аңғал батыр ауылы елді мекенінің жерлерінде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жалпы алаңы 0,8364 гектар жер учаскелерін алып қоймастан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А.Жакупова |