Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 263/38-6 "2019 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 337/48-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 тамызда № 7318 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген) сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград аудандық мәслихатының "2019 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 263/38-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7026 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Ғ.Қойлыбаев
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Ибраев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі

О внесении изменения в решение Целиноградского районного маслихата от 24 декабря 2018 года № 263/38-6 "О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Целиноградского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на 2019 год"

Решение Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 30 июля 2019 года № 337/48-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 7 августа 2019 года № 7318

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", пунктом 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9946), Целиноградский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Целиноградского районного маслихата "О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Целиноградского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на 2019 год" от 24 декабря 2018 года № 263/36-6 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7026, опубликовано 14 января 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующее изменение:

      подпункт 1) пункта 1 изложить в новой редакции:

      "1) подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю;".

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
Целиноградского районного маслихата
Г.Койлыбаев
      Секретарь Целиноградского
районного маслихата
Б.Ибраев

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Целиноградского района