РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 05 қазандағы корытындысы негізінде, Родина ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград ауданы Родина ауылдық округінің Зеленый Гай ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Ясельная көшесі Алаш көшесіне;
Зеленая көшесі Наурыз көшесіне;
Фруктовый тұйық көшесі Болашақ көшесіне.
2. Целиноград ауданы Родина ауылдық округінің Родина ауылының көшесі қайта аталсын:
Октябрьская көшесі Сарыарқа көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Родина ауылдық округі әкімі | Б.Газдиева |