РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Щучинск қаласының келесі көшелері қайта аталсын:
1) Ключевая көшесі Ақбұлақ көшесіне;
2) Пригорная көшесі Асқартау көшесіне;
3) Солнечная көшесі Арай көшесіне;
4) РСП-41 көшесі Ақсу көшесіне;
5) ДЭУ-53 көшесі Арасан көшесіне;
6) Осенняя көшесі Алтын күз көшесіне;
7) Родниковая көшесі Балауса көшесіне;
8) Нагорная көшесі Көктөбе көшесіне;
9) Подгорная көшесі Кентау көшесіне;
10) Строительная көшесі Құрылыс көшесіне;
11) Майская көшесі Мамыр көшесіне;
12) Сосновая көшесі Қарағайлы көшесіне;
13) Швейная көшесі Берен көшесіне;
14) Мебельная көшесі Шаңырақ көшесіне;
15) Березовая көшесі Аққайың көшесіне;
16) Синегорская көшесі Көктау көшесіне;
17) Целиноградская көшесі Еркіндік көшесіне;
18) Гранитная көшесі Ақсай көшесіне;
19) Локомотивная көшесі Арлан көшесіне;
20) Вагонная көшесі Өткел көшесіне;
21) Сибирская көшесі Ырыс көшесіне;
22) Железнодорожная көшесі Теміржол көшесіне;
23) Весенняя көшесі Көктем көшесіне;
24) Путейская көшесі Батыс көшесіне;
25) Новая көшесі Шамшырақ көшесіне;
26) Урумкайская көшесі Ұрымқай көшесіне;
27) Дальняя көшесі Дидар көшесіне;
28) Заречная көшесі Айнакөл көшесіне;
29) Полевая көшесі Жайлау көшесіне;
30) Береговая көшесі Толқын көшесіне;
31) Вьюжная көшесі Самал көшесіне.
2. Осы Бурабай ауданы әкімдігінің қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихаттың шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі | Қ.Қарауылов |
Аудандық мәслихаттың ХХXІХ сессиясының төрағасы |
Қ.Шаяхметов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ө.Бейсенов |