РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бурабай ауданы әкімдігінің "2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2019 жылғы 11 сәуірдегі № а-4/140 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7138 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Д.Есжанов |
Бурабай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № а-7/305 қаулысына қосымша |
|
Бурабай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № а-4/140 қаулысымен бекітілген |
2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебінен | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | |||
мемлекеттік | Жеке меншік | |||
қала | ауыл | қала | ауыл | |
Бөбек-жайы | 615 | 280 | 879 | - |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша Бурабай ауданы Оқжетпес ауылының "Балапан" балабақшасы | - | - | - | 125 |
Санаторлық топтар | 40 | - | - | - |
Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 273 | 262 | 30 | - |
Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 50 | 475 | - | - |
кестенің жалғасы
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа кұны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | ||||||
мемлекеттік | Жеке меншік | мемлекеттік | Жеке меншік | ||||
қала | ауыл | қала | ауыл | қала | ауыл | қала | ауыл |
26618,6 | 28543,20 | 23 315 | - | 11000 | 11000 | 11000 | 11000 |
- | - | - | 27 901 | - | - | - | - |
39 925 | - | - | - | - | - | - | - |
18 163 | 18 163 | 17931,8 | - | 9000 | 9000 | - | - |
8505,54 | 8505,54 | - | - | - | - | - | - |