Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 125 "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегіне бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 348 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 қыркүйекте № 6380 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 81 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 03.03.2020 № 81 қаулысымен (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1000 "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12437 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 125 "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегіне бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегіне бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
  2019 жылғы "___" _______
  № _____ қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
  2016 жылғы 30 наурыздағы
  № 125 қаулысымен бекітілген

"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегіне бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегіне бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1000 бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегіне бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12437 тіркелген стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10–тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама Стандартқа

      1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-қимылы тәртiбiн сипаттау

      4. Порталда электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес субсидия алуға өтінімді ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс – қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінімін немесе өтпелі өтінімін тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын немесе Стандарттың 10-тармағына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартылғандығын растайды, бұдан әрі қалыптасқан төлем құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жолдайды.

      Нәтижесі – өтінімді қабылдау және құжаттарды қаржы бөліміне жіберу, немесе үәжді бас тарту;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

      Нәтижесі – төлем тапсырмаларын қалыптастыру және тиісті субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінімін немесе өтпелі өтінімін тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын немесе Стандарттың 10-тармағына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартылғандығын растайды, бұдан әрі қалыптасқан төлем құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жолдайды.

      2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушілермен өзара іс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртiбiн сипаттау

       8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:

      процесс - субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім немесе өтпелі өтінім қалыптастырылады;

      шарт - өтінім немесе өтпелі өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оған көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сымен қол қоюы арқылы тіркеледі және көрсетілетін қызметті берушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады;

      1 процесс - көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы өтінімді немесе өтпелі өтінімді тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды;

      1 шарт - көрсетілетін қызметті алушы өтінім ұсынған жағдайда хабарлама көрсетілетін қызметті алушының Жеке кабинетіне түседі;

      - өтпелі өтінім ұсынған жағдайда хабарлама ӨҚҚ өндірушінің (бұдан әрі көрсетілетін қызметті алушы) Жеке кабинетіне түседі;

      2 процесс - көрсетілетін қызметті беруші "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүктейді;

      2 шарт - төлем тапсырмаларын қалыптастыру және тиісті субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама.

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелерінің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының) өзара іс-қимылдарының реттілігінің толық сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
  дайындаушы ұйымдарға есептелген
  қосылған құн салығы шегіне
  бюджетке төленген қосылған
  құн салығы сомасын субсидиялау"
  мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi




  "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
  дайындаушы ұйымдарға есептелген
  қосылған құн салығы шегіне
  бюджетке төленген қосылған
  құн салығы сомасын субсидиялау"
  мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы




О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 30 марта 2016 года № 125 "Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование заготовительным организациям в сфере агропромышленного комплекса суммы налога на добавленную стоимость, уплаченного в бюджет, в пределах исчисленного налога на добавленную стоимость"

Постановление акимата Актюбинской области от 9 сентября 2019 года № 348. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 13 сентября 2019 года № 6380. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 3 марта 2020 года № 81

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 03.03.2020 № 81 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 9-3/1000 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Субсидирование заготовительным организациям в сфере агропромышленного комплекса суммы налога на добавленную стоимость, уплаченного в бюджет, в пределах исчисленного налога на добавленную стоимость", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12437, акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Актюбинской области от 30 марта 2016 года № 125 "Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование заготовительным организациям в сфере агропромышленного комплекса суммы налога на добавленную стоимость, уплаченного в бюджет, в пределах исчисленного налога на добавленную стоимость" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4892, опубликованное 16 мая 2016 года в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет") следующее изменение:

      регламент государственной услуги "Субсидирование заготовительным организациям в сфере агропромышленного комплекса суммы налога на добавленную стоимость, уплаченного в бюджет, в пределах исчисленного налога на добавленную стоимость", утвержденный указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Актюбинской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Актюбинской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Актюбинской области О. Уразалин

  Приложение
  к постановлению акимата
  Актюбинской области
  от "___"_____ 2019 года №_____
  Утвержден
  постановлением акимата
  Актюбинской области
  от 30 марта 2016 года № 125

Регламент государственной услуги "Субсидирование заготовительным организациям в сфере агропромышленного комплекса суммы налога на добавленную стоимость, уплаченного в бюджет, в пределах исчисленного налога на добавленную стоимость"

1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Субсидирование заготовительным организациям в сфере агропромышленного комплекса суммы налога на добавленную стоимость, уплаченного в бюджет, в пределах исчисленного налога на добавленную стоимость" (далее – государственная услуга) оказывается государственным учреждением "Управление сельского хозяйства Актюбинской области" (далее – услугодатель).

      Прием заявок (переводных заявок) и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляются через веб-портал "Электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

      2. Форма оказания государственной услуги: электронная (полностью автоматизированная).

      3. Результат оказания государственной услуги – уведомление о перечислении субсидии либо мотивированный отказ в предоставлении государственной услуги в случаях и по основаниям предусмотренным пунктом 10 Стандарта государственной услуги, утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 9-3/1000 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Субсидирование заготовительным организациям в сфере агропромышленного комплекса суммы налога на добавленную стоимость, уплаченного в бюджет, в пределах исчисленного налога на добавленную стоимость" (далее – Стандарт) зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12437.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги – электронная.

      Уведомление о результате оказания государственной услуги направляется в "личный кабинет" услугополучателя в форме электронного документа по формам, согласно приложениям 1 и 2 к Стандарту.

2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является представление на портале в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП), заявки на получение субсидий согласно приложению 3 к Стандарту.

      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения и результат:

      1) ответственный исполнитель услугодателя в течение 1 (одного) рабочего дня с момента регистрации услугополучателя подтверждает принятие заявки или переводной заявки путем подписания уведомления с использованием ЭЦП на портале или отказывает в оказании государствееной услуги согласно пункта 10 к Стандарту, далее направляет сформированные платежные документы к ответственному исполнителю отдела финансов услугодателя.

      Результат - прием заявки и направление документов в отдел финансов либо мотивированный отказ;

      2) ответственный исполнитель отдела финансов услугодателя в течение

      2 (двух) рабочих дней формирует в информационной системе субсидирования платежные поручения на выплату субсидий, загружаемые в информационную систему "Казначейство-Клиент".

      Результат - формирование платежных поручений и уведомление о перечислении причитающихся субсидий.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      6. Перечень структурных подразделений (работников) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:

      1) ответственный исполнитель услугодателя;

      2) ответственный исполнитель отдела финансов услугодателя.

      7. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры (действия):

      1) ответственный исполнитель услугодателя в течение 1 (одного) рабочего дня с момента регистрации услугополучателя подтверждает принятие заявки или переводной заявки с путем подписания уведомления с ЭЦП на портале или мотивированный отказ в предоставлении государственной услуги согласно пункта 10 к Стандарту, далее направляет сформированные платежные документы к ответственному исполнителю отдела финансов услугодателя.

      2) ответственный исполнитель отдела финансов услугодателя в течение

      2 (двух) рабочих дней формирует в информационной системе субсидирования платежные поручения на выплату субсидий, загружаемые в информационную систему "Казначейство-Клиент".

4. Описание порядка взаимодействия с Государственной корпорацией "Правительство для граждан" и (или) иными услугодателями, а также порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги

      8. Описание порядка обращения и последовательности процедур (действий) услугодателя и услугополучателя при оказании государственных услуг через портал:

      процесс - формируется заявка либо переводная заявка с внесением в нее сведений, необходимых для проверки информационной системой субсидирования;

      условие - заявка или переводная заявка регистрируется в информационной системе субсидирования путем ее подписания ЭЦП услугополучателя и становится доступной в Личном кабинете услугодателя;

      процесс 1 - услугодатель в течение 1 (одного рабочего дня) с момента регистрации услугополучателем заявки или переводной заявки подтверждает ее принятие путем подписания с использованием ЭЦП соответствующего уведомления;

      условие 1 - в случае предоставлении заявки подписанное уведомление поступает в личные кабинеты услугополучателя;

      - в случае предоставлении переводной заявки подписанное уведомление поступает в личные кабинеты производителю;

      процесс 2 - услугодатель формирует на портале платежные поручения на выплату субсидий, загружаемые в информационную систему "Казначейство-Клиент", в течение 2 (двух) рабочих дней;

      условие 2 – формирование платежных поручений и уведомление о перечислении причитающихся субсидий.

      9. Порядок использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги через Портал представляется в приложении 1 к регламенту.

      10. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги отражается в справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги согласно приложению 2 к регламенту.

  Приложение 1
  к регламенту государственной услуги
  "Субсидирование заготовительным
  организациям в сфере агропромышленного
  комплекса суммы налога на добавленную
  стоимость, уплаченного в бюджет, в пределах
  исчисленного налога на добавленную стоимость"

Порядок использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги через портал




  Приложение 2
  к регламенту государственной услуги
  "Субсидирование заготовительным организациям
  в сфере агропромышленного комплекса суммы
  налога на добавленную стоимость, уплаченного
  в бюджет, в пределах исчисленного налога
  на добавленную стоимость"

Справочник бизнес процессов оказания государственной услуги