Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отыра, Ақтөбе облысы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтындығына байланысты, жекелеген аудандардың төменде аталған ауылдары таратылып, тұрғындары сол ауылдық округтегі жақын елді мекендердің құрамына қосылсын.
1) Алға ауданы бойынша:
Маржанбұлақ ауылдық округінің Қарағандысай ауылы таратылып, таратылған ауылдың тұрғындары жақын орналасқан Маржанбұлақ ауылдық округінің Қайыңдысай ауылының құрамына қосылсын;
2) Ырғыз ауданы бойынша:
Ырғыз ауылдық округінің Қалалыкөл ауылы таратылып, таратылған ауылдың тұрғындары жақын орналасқан Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз ауылының құрамына қосылсын;
3) Мәртөк ауданы бойынша:
Байнассай ауылдық округінің 13 жылдық Қазақстан ауылы таратылып, таратылған ауылдың тұрғындары жақын орналасқан Байнассай ауылдық округінің Байнассай ауылының құрамына қосылсын;
4) Мұғалжар ауданы бойынша:
Жұрын ауылдық округінің Изембет станциясы және Мұғалжар ауылдық округінің № 57 "Тас" разъезді таратылып, таратылған елді мекендердің тұрғындары жақын орналасқан Жұрын ауылдық округінің Көбелей және Мұғалжар ауылдық округінің Мұғалжар ауылдарының құрамына қосылсын;
5) Шалқар ауданы бойынша:
Кішіқұм ауылдық округінің Шағыр және Сардүлек разъездері, Қауылжар ауылдық округінің Көкпек (№ 66 разъезд) және Бүйректөбе (№ 67 разъезд), Тоғыз ауылдық округінің Қаратал, Қопатай және Ушқурай разъездері, Бершүгір ауылдық округінің Қарабұлақ ауылы таратылып, таратылған елді мекендердің тұрғындары жақын орналасқан Кішіқұм ауылдық округінің Шілікті ауылының және Шоқысу станциясының, Қауылжар ауылдық округінің Ұлпан станциясының, Тоғыз ауылдық округінің Көпмола станциясының, Бершүгір ауылдық округінің Сарысай ауылының құрамына қосылсын.
2. "Ақтөбе облысы бойынша статистика департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне сәйкесінше өзгерістер енгізсін.
3. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына жүргізілген өзгерістермен сәйкестендірсін.
4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Ж. Мухамбетпаизова |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
С. Калдыгулова |