Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Мәртөк ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отыра, Ақтөбе облысы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтындығына байланысты, оның тұрғындарын жақын ауыл Мәртөк ауданының Құрмансай ауылдық округінің Құрмансай ауылының құрамына қоса отырып, Ақтөбе облысының Мәртөк ауданының Құрмансай ауылдық округінің Торайғыр ауылы таратылсын.
2. "Ақтөбе облысы бойынша статистика департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне сәйкесінше өзгерістер енгізсін.
3. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына жүргізілген өзгерістермен сәйкестендірсін.
4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Ж. Мухамбетпаизова |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
С. Калдыгулова |