Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 "Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 наурыздағы № 427 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 сәуірде № 6042 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 7-баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 "Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-181 тіркелген, 2018 жылғы 30 наурызда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімдегі қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
Н. Махамбетов
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Шынтасова

  Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 наурыздағы № 427 шешіміне қосымша
  Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 шешіміне қосымша

Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 (оң) пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.

      3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      3-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

      5. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11015 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      7. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің жеке өтінішіне сәйкес уәкілетті орган тұрғын үй көмегі төлемдері коммуналдық қызметтердің жеткізушілеріне жібереді.

      Тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтері үшін өтемақы, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына өтемақы өтініш берушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

      10. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларына сәйкес жүргізіледі:

      1) жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;

      2) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

      1 адамға - 50 киловатт сағатына;

      2-ден 5 адамға дейін - 100 киловатт сағатына;

      5 және одан да көп адамға - 150 киловатт сағатына;

      3) газ пайдалану нормалары - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      4) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді күтіп-ұстау ай сайын:

      1 адамға-18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;

      5) жылумен жабдықтау ай сайын:

      1 адамға-18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;

      6) тұрмыстық қалдықтарды шығару-ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      7) кәріз қызметтері-ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      8) сумен жабдықтау қызметтері-ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      коммуналдық қызметтердi есептейтiн құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтiк нормасын есептеу кезiнде есептегiштер көрсеткiштерiндегi нақты шығындар, бiрақ белгiленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады.

      коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады;

      коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметiне тарифтер, жалдау ақысының мөлшері өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегiне ағымдағы тоқсанда қайта есептеу жүргiзiледi.

      9) телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

О внесении изменения в решения маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе"

Решение маслихата города Актобе Актюбинской области от 28 марта 2019 года № 427. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 3 апреля 2019 года № 6042

      В соответствии со статьями 6 и 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", маслихат города Актобе РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-1-181, опубликованное 30 марта 2018 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующее изменение:

      приложение к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Актобе" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) направление настоящего решения на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата города Актобе.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
маслихата города Актобе
Н. Махамбетов
      Секретарь маслихата
города Актобе
С. Шынтасова

  Приложение к решению маслихата города Актобе от 28 марта 2019 года № 427
  Приложение к решению маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298

Размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе

1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в городе Актобе на оплату:

      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается в размере 10 (десяти) процентов от совокупного дохода семьи (гражданина).

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Актобе" (далее - уполномоченный орган).

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.

      3-1. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Филиал некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан по Актюбинской области" (далее - Государственная корпорация) или на веб-портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      3-2. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации составляет восемь рабочих дней.

      4. Жилищная помощь назначается с начала месяца подачи заявления на текущий квартал.

      5. Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется согласно стандарту государственной услуги "Назначение жилищной помощи", утвержденного приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11015).

      6. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      7. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи на основании установления недостоверности документов, представленных семьей (гражданином) (либо его представителем по нотариально заверенной доверенности), и (или) данных (сведений), содержащихся в них, и в течение 5 (пять) рабочих дней со дня подачи заявления направляет заявителю мотивированный отказ посредством веб-портала "электронного правительств" либо Государственной корпорации.

      8. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

      9. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом согласно личного заявления претендента жилищной помощи на счета поставщиков коммунальных услуг.

      Компенсация за услуги связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникации, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища, арендная плата за пользование жилищем зачисляются на личные счета заявителей через банки второго уровня.

2. Размер оказания жилищной помощи

      10. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии нижеследующими нормами:

      1) норма площади жилья, обеспечиваемая компенсационными мерами, составляет восемнадцать квадратных метров полезной площади на человека, для одиноко проживающих граждан не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      2) нормы потребления электроэнергии на 1 месяц:

      на 1 человек - 50 киловатт в час;

      на 2-х до 5 человек - 100 киловатт в час;

      на 5-х и более человек - 150 киловатт в час;

      3) норма потребления газа - ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      4) содержание жилища из государственного жилищного фонда ежемесячно:

      на 1 человека-18 квадратных метров полезной площади на человека, для одиноко проживающих граждан не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      5) теплоснабжение ежемесячно:

      на 1 человека-18 квадратных метров полезной площади на человека, для одиноко проживающих граждан не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      6) вывоз бытовых отходов-ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      7) услуги канализации - ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      8) услуги водоснабжения - ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      при расчете социальной нормы потребителям, имеющим приборы учета коммунальных услуг, применяются фактические затраты по показаниям счетчиков, но не выше установленных тарифов и нормативов;

      нормы платы потребления и тарифы коммунальных услуг предоставляют поставщики услуг;

      при изменении тарифов на коммунальные услуги и услуги связи, размера арендной платы производится перерасчет ранее назначенной жилищной помощи в текущем квартале.

      9) компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифа абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".