Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 23.09.2020 № 424 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5114 тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
8 тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде.";
1) тармақшасында:
"100 000 (жүз мың)" сандары "500 000 (бес жүз мың)" сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
"50 000 (елу мың)" сандары "100 000 (жүз мың)" сандарымен ауыстырылсын;
4) тармақшасында:
"15 000 (он бес мың)" сандары "30 000 (отыз мың)" сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
"25 000 (жиырма бес мың)" сандары "30 000 (отыз мың)" сандарымен ауыстырылсын;
15 тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
2. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
М. Муратбаев |
Алға аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Жумабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы ______ ____________ 2019 ж. |
Е. Данағұлов |