Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 25.12.2020 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 29 қазандағы № 2-6-04/165 ұсынысы негізінде Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарабұлақ ауылдық округінің Қарабұлақ ауылы аумағында, ауылшаруашылығы құрылымдарынан басқа мүйізді ірі-қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Әкім | Е. Махамбетов |