Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 02.10.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекцияның бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 2-17/98 ұсынысына сәйкес, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылжар ауылдық округі Жаныс би ауылының Достық көшесінде мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі | А. Ізбасарова |