Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 252 "Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-186 тіркелген, 2018 жылғы 09 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларының 7 тармағы келесідей редакцияда жазылсын:
"7. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" қаулысымен белгiленген тәртіп бойынша пайдаланылады".".
2. "Мәртөк аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мәртөк ауданы әкімінің жектекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк ауданының әкімі | Е. Кенжеханұлы |