Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімінің 24.12.2019 № 60 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 2-12-4/100 ұсынысына сәйкес, Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің Жарық нүктесінде орналасқан "Өмір" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне және мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкемер ауылдық округінің әкімі | Д. Кужаньязов |