Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 2-12-4/143 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданының Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Қожасай ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 7 "Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Қожасай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6021 тіркелген, 2019 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Мұғалжар ауданының Батпақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланған күннен кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Бокашев |