Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 25.06.2020 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 2-12-4/113 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің Басшилі ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбек ауылдық округінің әкімі | А. Каюпов |