Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 180 "Темір ауданы бойынша 2018 – 2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5875 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 1 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Темір аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Қ. Есқалиев |
Темір аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Ізбасов |