Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14 бабы, 3 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Темір ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 181 "Темір ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 5033, 2016 жылы 23 тамызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 – қосымшасының атауында және схемасында "Шұбарқұдық кәсіпшілігі" деген сөздер "Шұбарқұдық ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 3 – қосымшасының 3 тараудың 9 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
көрсетілген қаулының орыс тіліндегі мәтінінде 3-қосымшасының 4 тараудың "9" тармақтың нөмірленуі "10" болып ауыстырылсын.
2. "Темір аудандық әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Әлжанға жүктелсiн.
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір ауданының әкімі | Ж. Қалмағанбетов |