Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Шығырлы ауылдық округі әкімінің 29.03.2019 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 2-14-16/287 ұсынысы негізінде, Шығырлы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұсақ мүйізді малдарының арасынан пастереллез ауруының анықталуына байланысты, Шығырлы ауылдық округі, Шығырлы ауылы аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Шығырлы ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығырлы ауылдық округінің әкімі: | С.А. Кадыров |