Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 20.01.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 09 шілдедегі № 15-4/737 ұысынысы негізінде, Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Хромтау ауданының Абай ауылдық округі Жылқыбазы нүктесінде орналасқан "Жантизер" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Абай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Абай ауылдық округінің әкімі | А. Мустафин |