Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 88 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 сәуірде № 6071 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 37 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 26.02.2021 № 37 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18, 139 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi, осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Шалқар ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Шалқар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 119 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3951 тіркелген, 2014 жылы 26 маусымда "Шалқар" газетінде жарияланған) қаулысы;

      2) Шалқар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 25 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Шалқар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 119 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4770 тіркелген, 2016 жылы 17 наурызда "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) қаулысы.

      3. "Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Жидехановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Б. Қаниев
      КЕЛІСІЛДІ:
Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы
_______________ С. Бигеев
      "___"_________2019 жылғы

  Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 88 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

Лауазымдардың атауы


Білім саласы мамандарының лауазымдары

1

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының басшысы: мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы, мектеп басшысы

2

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық басқару жөніндегі орынбасарынан басқа)

3

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдер, мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы, өндіріске үйрету шебері, дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің), дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің), қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы-педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог

4

Аккомпаниатор (негізгі қызметтердің), тәрбиелеуші, тәрбиелеуші-ана, әдіскер, музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің), хореограф (негізгі қызметтердің)

5

Кітапхананың, шеберхананың, оқу-өндіріс шеберхананың, интернаттың басшысы (менгерушісі)

6

Кітапханашы

7

Көркемдік жетекші

8

Біліктілігі орташа деңгейлі санаты жоқ мейірбике (мейіргер), емдәмдік мейірбике

9

Тәлімгер

10

Зертханашы

11

Суретші


Спорт саласы мамандарының лауазымдары

1

Жаттықтырушы-оқытушы


Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары

1

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының сектор басшысы (ауылдық клуб менгерушісі, мәдениет үйінің директоры)

2

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының көркемдік қойылым бөлімінің басшысы (менгерушісі)

3

Мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер)

4

Кітапханашы


Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары

1

Қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер


Об определении перечня должностей специалистов в области образования, социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Постановление акимата Шалкарского района Актюбинской области от 4 апреля 2019 года № 88. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 8 апреля 2019 года № 6071. Утратило силу постановлением акимата Шалкарского района Актюбинской области от 26 февраля 2021 года № 37

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Шалкарского района Актюбинской области от 26.02.2021 № 37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьями 18, 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года и статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Шалкарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить перечень должностей специалистов в области образования, социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности по Шалкарскому району, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившими силу следующие постановления акимата Шалкарского района:

      1) постановление акимата Шалкарского района от 23 мая 2014 года № 119 "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3951, опубликованное 26 июня 2014 года в газете "Шалқар");

      2) постановление акимата Шалкарского района от 11 февраля 2016 года № 25 "О внесении изменений в постановление акимата Шалкарского района от 23 мая 2014 года № 119 "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4770, опубликованное 17 марта 2016 года в газете "Шежірелі өлке").

      3. Государственному учреждению "Отдел экономики и бюджетного планирования Шалкарского района" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде и в периодических печатных изданиях;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Шалкарского района.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Ж. Жидеханова.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Шалкарского района Б. Каниев
      СОГЛАСОВАНО:
Секретарь Шалкарского
районного маслихата
____________С.Бигеев
"___"__________2019 года

  Приложение к постановлению акимата Шалкарского района от 4 апреля 2019 года № 88

Перечень должностей специалистов в области образования, социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Наименование должностей


Должности специалистов сферы образования

1

Руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения: руководитель дошкольной организации образования, руководитель школы

2

Заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения (кроме заместителя по административно-хозяйственному управлению)

3

Учителя всех специальностей организаций дошкольного, начального, основного среднего, общего среднего образования, учитель-дефектолог, учитель-логопед, преподаватель-организатор начальной военной подготовки, мастер производственного обучения, инструктор по физкультуре (основных служб), педагог дополнительного образования, педагог-организатор, педагог-психолог, социальный педагог

4

Аккомпаниатор (основных служб), воспитатель, мать-воспитатель, методист, музыкальный руководитель (основных служб), хореограф (основных служб)

5

Руководитель (заведующий) библиотекой, мастерской, учебно-производственной мастерской, интернатом

6

Библиотекарь

7

Художественный руководитель

8

Медицинская сестра (брат) среднего уровня квалификации без ктегории, диетическая сестра

9

Вожатый

10

Лаборант

11

Художник


Должности специалистов в сфере спорта

1

Тренер-преподаватель


Должности специалистов в сфере культуры

1

Руководитель сектора государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения (заведующий сельским клубом, директор дома культуры)

2

Художественный руководитель (заведующий) отдела художественной постановки государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения

3

Культорганизатор (основных служб)

4

Библиотекарь


Должности специалистов в сфере социального обеспечения

1

Социальный работник по уходу за престарелыми и инвалидами