Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 305 "2019-2021 жылдарға арналған Айшуақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-227 тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) тармақшасында:
кірістер – "34395,0" сандары "39157,7" сандарымен ауыстырылсын;
трансферттердің түсімдері - "31933,0" сандары "36695,7" сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар – "36713,4" сандары "41476,1" сандарымен ауыстырылсын;
5-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5-1. Ауылдық округтің 2019 жылға арналған бюджетіне республикалық бюджеттен мынадай ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:
азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 4248,0 мың теңге;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кейбір санаттарының жалақысын көтеруге – 1727,0 мың теңге.
Ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Айшуақ ауылдық округі әкімінің шешімі негізінде айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 5-2 тармағымен толықтырылсын:
"5-2. Ауылдық округтің 2019 жылға арналған бюджетіне облыстық бюджеттен бала бақшаларды бейне бақылау жүйесімен жарақтандыруға – 1186,7 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферт түскені ескерілсін.
Ағымдағы нысаналы трансфертті бөлу Айшуақ ауылдық округі әкімінің шешімі негізінде айқындалады.".
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Шалқар аудандық маслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
М. Ержанов |
Шалқар аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы |
Ж. Былқайыр |
Шалқар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 мамырдағы № 352 шешіміне қосымша | |
Шалқар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 305 шешіміне 1 қосымша |
2019 жылға арналған Айшуақ ауылдық округ бюджеті
Санаты | Сомасы, мыңтеңге | ||||
Сыныбы | |||||
Ішкі сыныбы | |||||
Атауы | |||||
I. КІРІСТЕР | 39157,7 | ||||
1 | Салықтық түсімдер | 2212,0 | |||
01 | Табыс салығы | 100,0 | |||
2 | Жеке табыс салығы | 100,0 | |||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 2112,0 | |||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 66,0 | |||
3 | Жер салығы | 46,0 | |||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 2000,0 | |||
2 | Салықтық емес түсімдер | 250,0 | |||
01 | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 250,0 | |||
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 250,0 | |||
4 | Трансферттердің түсімдері | 36695,7 | |||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 36695,7 | |||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 36695,7 | |||
II. ШЫҒЫНДАР | 41476,1 | ||||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 23313,4 | |||
1 | Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар | 23313,4 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 23313,4 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 19153,4 | |||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 4160,0 | |||
04 | Білім беру | 15100,7 | |||
1 | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 15100,7 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 15100,7 | |||
041 | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға | 15100,7 | |||
06 | Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру | 935,0 | |||
2 | Әлеуметтік көмек | 935,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 935,0 | |||
003 | Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету | 935,0 | |||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 2127,0 | |||
3 | Елді-мекендерді көркейту | 2127,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 2127,0 | |||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 1510,0 | |||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 217,0 | |||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 400,0 | |||
III. Бюджет тапшылығы (профицит) | -2318,4 | ||||
IV. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) | 2318,4 | ||||
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 2318,4 | |||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 2318,4 | |||
1 | Бюджет қаражаты бос қалдықтары | 2318,4 |