2020 жылға Шалқар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 288 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 желтоқсанда № 6509 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 8) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға Шалқар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданы әкімі Б. Каниев

  Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 288 қаулысына қосымша

2020 жылға Шалқар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

№ р/н

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Ірілендірілген Шалқар жол дистанциясы" филиалы

520

0,2

1

2

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Шалқар сигнализация және байланыс дистанциясы" филиалы

305

0,3

1

3

"Қамқор вагон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Шалқар вагон жөндеу депосы" филиалы

181

0,6

1

4

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шалқар аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

535

0,2

1

5

"Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

150

0,7

1


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Шалкарскому району на 2020 год

Постановление акимата Шалкарского района Актюбинской области от 3 декабря 2019 года № 288. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 4 декабря 2019 года № 6509

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8 статьи 9, подпунктом 3) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898, акимат Шалкарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы независимо от организационно-правовой формы и формы собственности по Шалкарскому району на 2020 год, в разрезе организации согласно приложению.

      2. Государственному учреждению "Шалкарский районный отдел занятости и социальных программ" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Шалкарского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2020 года.

      Аким Шалкарского района Б. Каниев

  Приложение к постановлению акимата Шалкарского района от 3 декабря 2019 года № 288

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Шалкарскому району на 2020 год в разрезе организаций

п/н №

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (% от списочной численности работников)

Количество рабочих мест (единиц)

1

Филиал акционерного общества "Национальная компания "Қазақстан темір жолы"-"Укрупненная Шалкарская дистанция пути"

520

0,2

1

2

Филиал акционерного общества "Национальная компания "Қазақстан темір жолы"-"Шалкарская дистанция сигнализация и связи"

305

0,3

1

3

Филиал "Шалкарское вагоноремонтное депо" товарищества с ограниченной ответственностью "Қамқор вагон"

181

0,6

1

4

Государственное коммунальное предприятие "Шалкарская районная больница" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области"

535

0,2

1

5

Государственное учреждение "Шалкарский районный отдел культуры и развития языков"

150

0,7

1