"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 қарашадағы қорытындысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласының жаңа құрамдас бөлiктерiне келесі атаулар берілсін:
1) Талдықорған қаласының солтүстік-батысында орналасқан тұрғын үй алабына – "Балауса";
2) Талдықорған қаласының батысында орналасқан тұрғын үй алабына – "Жігер";
3) Талдықорған қаласының оңтүстік-батысында орналасқан тұрғын үй алабына – "Береке";
4) Талдықорған қаласының "Шайқорған" тұрғын үй алабында орналасқан №3 жаңа көшеге – "Әбікен Сарыбаев", №5 жаңа көшеге – "Доланалы", №13 жаңа көшеге – "Қойлық", №14 жаңа көшеге – "Байғазы".
2. Қапшағай қаласының құрамдас бөлiктерiне келесі атаулар берілсін:
1) Қапшағай қаласының "Восточный" шағын ауданында орналасқан 1-көшеге – "Береке", 2-көшеге – "Ертіс", 3-көшеге – "Жағалау", 4-көшеге – "Нұрлы жол", 5-көшеге – "Құмдыкөл";
2) Қапшағай қаласының "Қарлығаш" шағын ауданында орналасқан 1-көшеге – "Нұрсәт", 2-көшеге – "Жетіген", 3-көшеге – "Жігер", 4-көшеге – "Үшқоңыр", 5-көшеге – "Жерұйық"; 6-көшеге – "Сырдария", 7-көшеге – "Ақжайлау", 8-көшеге – "Төрткөл";
3) Қапшағай қаласының "Гүлдер" шағын ауданында орналасқан 1-көшеге – "Орда", 2-көшеге – "Сұлутөр", 3-көшеге – "Қарағаш", 4-көшеге – "Сарыжаз", 5-көшеге – "Сауран"; 6-көшеге – "Жиенқұм"; 7-көшеге – "Ақжайық"; 8-көшеге – "Бәйтерек";
4) Қапшағай қаласының "Арна" шағын ауданында орналасқан 1-көшеге – "Аққұм", 2-көшеге – "Алтындала", 3-көшеге – "Атақоныс", 4-көшеге – "Бесбалық", 5-көшеге – "Бозарал", 7-көшеге – "Жайсан", 8-көшеге – "Жаңажол", 9-көшеге – "Қамысты", 10-көшеге – "Құмкент", 11-көшеге – "Құндызды", 12-көшеге – "Нұра", 13-көшеге – "Ақкөл", 14-көшеге – "Талапкер", 15-көшеге – "Байырқұм";
5) Қапшағай қаласының 8-шағын ауданында орналасқан 1-көшеге – "Көктал", 2-көшеге – "Атакент", 3-көшеге – "Құмадыр", 4-көшеге – "Қарасу";
6) Қапшағай қаласының 10-шағын ауданында орналасқан 1-көшеге – "Көкжазық", 2-көшеге – "Егінді", 3-көшеге – "Өрнек", 4-көшеге – "Керуенсарай", 5-көшеге – "Ойыл", 6-көшеге – "Шаған".
3. Қапшағай қаласының 3-шағын ауданында орналасқан "Мира" бульвары – "Астана" бульвары болып қайта аталсын.
4. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Әбдуәлиевке жүктелсін.
5. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Қ. Сұлтанғазиев |
Алматы облысының | |
әкімі | А. Баталов |
Алматы облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Дүйсембінов |