Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 275 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 4 шілдеде № 5199 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27- бабына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағы 10-1) тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы "__"_______ № ___ қаулысымен бекітілген

Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 - бабының 2 - тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру тәртібін белгiлейдi.

      2. Осы қағидаларда келесідей ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешен – ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;

      2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері – агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      3) бағдарлама – "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер" 019 бюджеттік бағдарламасы;

      4) бюджеттік бағдарлама әкімшісі – Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен облыстың агроөнеркәсіптік кешен субъектілері инновациялық тәжірибені тарату және енгізу бойынша бюджеттік бағдарламаны басқару қызметі жүктелген агроөнеркәсіптік кешен субъектілері саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша атқарушы орган (бұдан әрі - Бағдарлама әкімшісі);

      5) инновация – экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрінде іс жүзіне асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі;

      6) инновациялық жобаны іске асыру бойынша іс-шара – жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешен субъектілері инновациялық жобаларды енгізу бойынша іс-шаралар кешені (бұдан әрі - іс-шара);

      7) өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген белгіленген үлгідегі өтініш;

      8) өтінім беруші Бағдарлама әкімшісіне өтінімді берген, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға.

      3. Инновациялық жобаларды іріктеу агроөнеркәсіптік кешен субъектілері мына салалық бағыттары бойынша іске асырылады:

      1) өсімдік шаруашылығы (оның ішінде өсімдіктерді қорғау және карантин);

      2) мал шаруашылығы және ветеринария (оның ішінде бал ара шаруашылығы);

      3) ауыл шаруашылығын механизациялау;

      4) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;

      5) мал азығын өндіру технологиясы.

      Аймақтың агроөнеркәсіптік кешен субъектілері саласының қажеттіліктеріне орай іс-шараларды сәйкестендіру мақсатында әр саланың ішкі бағыттарынан басым бағыттар анықталып, солардың аясында іріктеулер жүргізіледі .

2. Инновациялық жобаларды іріктеу тәртібі

      4. Бағдарлама әкімшісі конкурс өткізу басталғанға дейін он жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурсында іс-шараларының өтінім берушілер арасында іріктеу жүргізілетіндігі туралы хабарландыру жариялайды.

      Хабарландыруда өтінімдерді тапсыру мерзіміне қосымша ақпараттар алу үшін Бағдарлама әкімшісінің байланыс ақпараты көрсетіледі.

      5. Инновациялық жобаларды іріктеуге қатысу үшін Бағдарлама әкімшісіне өтінім берушілер мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;

      2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс-шараларына түсіндірме жазба;

      3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру жоспары;

      4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру шығындарының сметасы;

      5) инновациялық жобаларды іске асыруға қатысатын өтінім берушілердің мамандарының түйіндемесі;

      6) өтінім берушінің аграрлық бағытта ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;

      7) заңды тұлғалар үшін:

      заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының) көшірмелері немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы

      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) жөнінде, анықтаманың түпнұсқасы;

      салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы тиісті анықтамасы (Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес төлем төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);

      өтінім берушінің банктің немесе банк филиалының, соның ішінде шетелдік банктердің алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылып келе жатқан мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктердің немесе банк филиалдарының қолы мен мөртаңбасы бар анықтаманың түпнұсқасы. Анықтама өтінім берілген сәтке бір айдан асырылмай берілген болуға тиіс;

      ғылыми-зерттеу ұйымын аккредитациялау туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттың түпнұсқасы;

      8) жеке тұлғалар үшін:

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің, жеке кәсіпкердің құжаттардың көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;

      салық төлеушінің салықтық қарызының бар-жоқтығы туралы салық анықтамасы.

      6. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес рәсімделген, іріктеуге қатысуға арналған құжаттарды өтінім беруші бірыңғай папкаға жинақтап, парақтарын нөмірлеп, мөр басылған конвертте ұсынады.

      7. Өтінім беруші өзі берген құжаттардың, бастапқы деректердің, есептесулердің, негіздемелердің толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз етеді.

      8. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткен соң, бес жұмыс күні ішінде бағдарлама әкімшісімен өтініштерді алдын-ала іріктеу жүргізіледі.

      Алдын-ала іріктеу мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:

      1) ұсынылған ақпараттардың толықтығы, оның осы Қағидалардың талаптарына сай болуы;

      2) іс-шаралардың өңірдегі агроөнеркәсіптік кешен субъектілері дамытудың басым бағыттарына сай келуі.

      9. Өтінім мына жағдайда бас тартылады, егер:

      1) өтінім беруші ақпараттарды толық емес, дәйексіз ұсынса немесе өтінім құжаттары осы Қағидалардың талаптарына сәйкес рәсімделмесе;

      2) инновациялық жоба іске асырылатын орын облыс аумағынан тыс жерде орналасқан болса;

      3) өтінілген іс-шара облыстың агроөнеркәсіптік кешен субъектілері дамуының басым бағытына жатпаса;

      4) өтінім беруші – агроөнеркәсіптік кешен субъектілері субъектісі бұрын инновациялық жоба шеңберінде қаржы алған, бірақ іс-шараларын іске асыру барысы қанағаттанарлық емес деп танылған болса.

      10. Өтінім қабылданбаған жағдайда тапсырылған құжаттар өтінім берушіге негіздемесі көрсетіле отырып қайтарылады.

3. Комиссия туралы ереже, оның қызметін ұйымдастыру

      11. Бағдарлама әкімшісі облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілетін, құрамына мүдделі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өкілді органдардың (келісім бойынша), тәуелсіз сарапшылардың (келісім бойынша) өкілдерін енгізіп, инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

      12. Комиссия тұрақты қызмет жасайтын коллегиялық орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық және алқалық ұстанымында ұйымдастырады. Комиссияның жалпы құрамы кемінде бес адамды құрайды.

      13. Бағдарлама әкімшісі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      14. Комиссия отырысының өтетін күні жөнінде өтінім берушіні хабардар ету, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен қажетті құжаттарды дайындау және отырыс өткеннен кейін хаттамасын рәсімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.

      15. Комиссияның отырысы оның жалпы санының үштен екісі болғанда құқылы. Комиссия шешімі ашық дауыспен қабылданады және комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс бергенде қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.

4. Өтінімдерге кешенді баға беру және іріктеу

      16. Комиссия өтінімдері алдын-ала іріктеуден өткен инновациялық жобалар бойынша өтінімдерге кешенді бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді. Комиссия кешенді бағалауды мынадай критерийлер бойынша жүргізеді:

      1) сұралатын қаржыландырудың негізділігі;

      2) өтінімнің қаржыны жұмсау бағыттарының, қаржыландыру көлемінің және басқа да параметрлерінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;

      3) іс-шаралардың өңірдің агроөнеркәсіптік кешен субъектілері дамуына және еңбек өнімділігінің деңгейіне ықпалының дәрежесі;

      4) өтінім берушілердің құқықтық мәртебесінің, төлем қабілеттілігінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;

      5) өтінім берушілердің біліктілігі мен техникалық жарақтандырылуының іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестiгi.

      17. Өтінімді кешенді бағалау жүргізу барысында комиссия өтінім берушілерден түсініктеме беретін ақпарат сұратуға, бағалауды сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында қажет болған кезде, тиісті біліктілігі бар басқа мамандарды тартуға құқылы. Өтінімдерді кешенді бағалау және іріктеу он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      18. Өтінімдері кешенді бағалаудың теріс қорытындысын алған өтінім берушілерге, Бағдарлама әкімшісі Комиссияның тиісті хаттамалық шешімі қабылданғаннан кейінгі бес жұмыс күні ішінде, бас тарту себептерін көрсете отырып, ресми хат жолдайды.

      19. Комиссияның қаржы беру туралы оң шешімі Бағдарлама әкімшісі үшін іс-шараларға бөлінген қаржы есебінен қаржыландыруға негіз болып табылады.

      20. Бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде инновациялық жоба туралы шарт жобасына қол қояды және конкурс жеңімпазына жолдайды. Инновациялық жоба туралы шарт жасау мерзiмi, жобаны конкурс жеңімпазына жіберген күннен бастап, он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

5. Қаржыландыру және қаржыны игеру

      21. Қаржы конкурс жеңімпазына іс-шараларды іске асыру жоспарына сәйкес төленеді. Төлем тәртібі және нысаны шарттың талаптарымен қарастырылады.

      22. Қаржы қатаң түрде шартта қарастырылған нысаналы мақсатқа сәйкес пайдаланылады.

      23. Конкурс жеңімпазы іс-шаралары төлемдерінің бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.

      24. Қаржылар инновациялық жобаға қатысушы тараптардың бұрыннан бар салықтық берешектерін жабуға пайдаланылмайды.

      25. Негізгі құрал-жабдықтарын, ауыл шаруашылығы жануарларын, генетикалық материалдар, іс-шаралар нәтижелерін кеңінен таратуға арналған басқа шығыс материалдарын (жанар-жағармай материалдары, тұқымдық материал, қосалқы бөлшектер, басқалар) сатып алуға, ғимараттары мен құрылыстарын ұстауға байланысты шығындар іс-шараларды іске асыруға қатысушы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің жеке қаржылары есебінен жабылады.

      26. Инновациялық жобаны іске асыру барысында жүзеге асырылған шығындардың іске асыру жоспарына, жоба бюджетіне сәйкестігін тексеру мақсатында Бағдарлама әкімшісі қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органның мүдделі уәкілетті органдарының мамандарын тарта отырып, ағымдағы қаржылық мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы актілерін өтінім беруші үш данада жасайды және Комиссиямен бекітіледі.

      Іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында қажет болған ретте, конкурс жеңімпазы жергілікті атқарушы органның уәкілетті органдары өкілдерінің іс-шаралар іске асырылып жатырған объектілерді кедергісіз қарауын қамтамасыз етуге, сондай-ақ, олардың ресми сұрауы бойынша іс-шараларды іске асыруға тікелей қатысты барлық қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті.

6. Қорытынды ережелер

      27. Алынған бюджеттік қаржы мақсаттан тыс пайдаланған жағдайда, осы қаржы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады.

  Алматы облысының
  агроөнеркәсіптік кешен
  саласында инновациялық
  жобаларды іріктеуді
  ұйымдастыру қағидаларына
  1-қосымша

Өтінім нысаны

1.

Тіркеу нөмірі және күні (Бағдарлама әкімшісі қызметкерлерімен толтырылады)


2.

Іс-шараның атауы


3.

Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу саласы (кіші саласы)


4.

Іс-шараның қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаты мен мәнін көрсету, жоба нәтижелерінің нақтылы қолданылуы, осындай жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесі)


5.

Жобаның ұзақтығы (айлар бойынша)


6.

Жобаның басталу және аяқталу күні


7.

Сұралатын қаражаттың сомасы (теңгемен)


8.

Өтінім берушінің атауы, мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық поштасының мекенжайы


9.

Өтінім берушiнiң байланыс тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы


10.

Инновациялық жобаның басшысы (ғылыми-зерттеу ұйымының қызметкері), (қызметі, телефон, факсы, электрондық поштасы көрсетіледі)


11.

Инновациялық жобаны іске асыруға қатысушы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің атауы, мекенжайы, телефон, факсы, электрондық поштасы


  Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенсаласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша

Инновациялық жобаның іс-шараларына түсініктеме жазба

      1. Инновациялық жобаны іске асыру бойынша іс-шараның атауы.

      2. Іс-шараның іске асырылатын жері: елді мекен.

      3. Іс-шараның мақсаты және міндеттері (1 беттен көп емес).

      4. Негізгі өтінім берушінің (ғылыми-зерттеу ұйымының) және іс-шараларға қатысушы агроөнеркәсіптік кешен саласы субъектілерінің қысқаша сипаттамасы (0,5 беттен аспайды):

      - толық атауы;

      - негізгі өтінім беруші мен іс-шараларға қатысушы агроөнеркәсіптік кешен субъектілері қызметтерінің сипаттамасы;

      - негізгі мамандар, олармен орындалатын жұмыс түрлері (түйіндеме және біліктілігін растайтын құжаттарын қоса);

      - осы іс-шара шеңберінде басқа жобаларды іске асырғаны туралы ақпарат.

      5 Іс-шараларды негіздеу: өндірістің осы сегментіндегі проблемалар, іс-шара қандай проблеманы шешуге бағытталатындығын көрсете отырып, іс-шараны іске асырудың маңыздылығы мен қажеттілігінің, оның өңірдің агроөнеркәсіптік кешен технологиялық дамыту деңгейіне және еңбек өнімділігіне ықпалының сипаттамасы (0,5 беттен көп емес).

      6. Іс-шараларды іске асыру шеңберінде орындалатын негізгі жұмыстардың сипаттамасы: қандай жұмыстар атқарылады, өндірісте пайдалану үшін, жобаны орындау барысында тексеруден өткізу және көрсету үшін ұсынылатын нақты шешімдер мен технологиялар, нақты шаруашылық, аудан және облыс экономикасы үшін практикалық мәнін бағалау. Әрбір жұмыстың мақсаты, мазмұны, ұзақтығы, күтілетін нәтижелері, ресурстарға сұранысы, соның ішінде іс-шараларды іске асыруға қатысушы агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің базасында ғылыми әзірлемені (технологияны) енгізу және тарату жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымының әдіснамасын келтіру қажет (2,5 беттен көп емес).

      7. Нәтижелілігі: іс-шараның сандық және сапалық көрсеткіштері. Өтінім берушінің ұсыныстарында еңбек өнімділігін жақсартуға ықпал етуге нақты нәтижелер, өндіріс және аудан (облыс) экономикасына тиімділігі қамтылуы тиіс.

      Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi іс-шаралар жоспарын iске асырудың экономикалық тиімділігін бұрын қолданылған технологиялармен салыстырып көрсету, облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту, аграрлық нарықтағы ахуал тұрғысынан iс-шараның мақсаттылығын негiздеу қажет (1,5 беттен көп емес).

      8. Экологиялық бағалау іс-шараны іске асырудың өңірдің қоршаған ортасына және табиғи ресурстарына әсерін (қанағаттандырарлық, бейтарап немесе жағымсыз) қамтуы тиіс. Жағымсыз әсер еткен жағдайда мұндай әсерді жеңілдету үшін не істелетіндігі көрсетілуі қажет (0,5 беттен көп емес).

      9. Тәуекелдер: іс-шараны табысты аяқтаудың негізгі тәуекелдері және мұндай тәуекелдерді жеңіп шығу шаралары (0,5 беттен көп емес).

      10. Жобаның өмірге икемділігі: инновациялық жоба шеңберінде қаржыландыру аяқталғаннан кейін іс-шараны іске асыруға қатысушы агроөнеркәсіптік кешен субъектілері өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданатын шараларды сипаттау қажет (0,5 беттен көп емес).

  Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша

Инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру жоспары (атауын көрсету керек)

Жұмыс түрі

Күтілетін нәтижелер (1 жыл)

1- тоқсан

2- тоқсан

3- тоқсан

4- тоқсан

1.






2.






Жұмыс түрі

Күтілетін нәтижелер (2 жыл)

1- тоқсан

2- тоқсан

3- тоқсан

4- тоқсан

1.






2.






  Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенсаласында инновациялықжобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 4- қосымша

Инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру шығындарының сметасы (атауын көрсету керек) мың теңге.

Шығын баптары

Өлшем бірлігі

Бағасы

Құны

соның ішінде айлар бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Еңбек ақы
















1.1.

















1.2.

















2.

Іс-сапар шығындары
















3.

Кеңсе шығындары
















4.

Көлік шығындары
















5.

Басқа шығындар (көрсетілсін)
















5.1.

















5.2.

















6.

Тікелей шығындар жинағы
















7.

Қосымша шығындар
















Барлығы:
















      Ескертпе: Іс-шараны әр жылдарда iске асыру бөлек көрсетiледi.

      Ескертпе: Өтінім берушінің өз қаражатынан және бюджеттік қаражаттардан қаржыландыратын шығындар бөлек көрсетіледі (бар болғанда).

Об утверждении Правил организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Алматинской области

Постановление акимата Алматинской области от 2 июля 2019 года № 275. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 4 июля 2019 года № 5199

      В соответствии статьи - 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 10-1) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" акимат Алматинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Алматинской области согласно приложению.

      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Алматинской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Алматинской области;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Алматинской области после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в государственно-правовой отдел аппарата акима Алматинской области сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Алматинской области С. Бескемпирова.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Алматинской области А. Баталов

  Утвержден постановлением акимата Алматинской области от "___"_________2019 года № _____

Правила организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Алматинской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Алматинской области (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 10-1) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и определяют порядок организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Алматинской области.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) агропромышленный комплекс – совокупность отраслей экономики, включающих производство, заготовку, хранение, транспортировку, переработку и реализацию продукции сельского, рыбного хозяйства, а также пищевую промышленность, сопутствующие производства и сферы деятельности, обеспечивающие их современной техникой, технологическим оборудованием, деньгами, информационными и другими ресурсами, ветеринарно-санитарную и фитосанитарную безопасность, научное обеспечение и подготовку кадров;

      2) субъекты агропромышленного комплекса – физические и юридические лица, осуществляющие деятельность в агропромышленном комплексе;

      3) программа - бюджетная программа 019 "Услуги по распространению и внедрению инновационного опыта";

      4) администратор бюджетных программ - исполнительной орган по вопросам реализации государственной политики в сфере в агропромышленном комплексе, на которого в установленном законодательством порядке Республики Казахстан, возложены функции по администрированию бюджетной программы по распространению и внедрению инновационного опыта в сфере в агропромышленном комплексе области (далее - администратор Программы);

      5) инновация – результат деятельности физических и (или) юридических лиц, получивший практическую реализацию в виде новых или усовершенствованных производств, технологий, товаров, работ и услуг, организационных решений технического, производственного, административного, коммерческого характера, а также иного общественно полезного результата с учетом обеспечения экологической безопасности в целях повышения экономической эффективности;

      6) мероприятия по реализации инновационного проекта – комплекс мер по внедрению инновационного проекта в агропромышленном комплексе Алматинской области за счет средств местного бюджета (далее - мероприятия);

      7) заявка – заявление установленного образца с приложением необходимых документов, согласно требованиям настоящих Правил;

      8) заявитель – физическое или юридическое лицо, соответствующее требованиям настоящих Правил, предоставившее заявку администратору Программы.

      3. Отбор инновационных проектов производится по следующим отраслевым направлениям агропромышленного комплекса:

      1) растениеводство (в том числе защита и карантин растений);

      2) животноводство и ветеринария (в том числе пчеловодство, рыбоводство);

      3) механизация сельского хозяйства;

      4) переработка сельскохозяйственной продукции;

      5) технология кормопроизводства.

      В целях соответствия мероприятий потребностям в агропромышленном комплексе региона внутри каждого из отраслевых направлений определяются приоритетные направления, в рамках которых производится отбор.

2. Порядок отбора инновационных проектов

      4. Администратор программы в течение десяти рабочих дней до начала проведения конкурса публикует объявление о проведении отбора среди заявителей мероприятий в средствах массовой информации, а также на интернет-ресурсе акимата области.

      В объявлении для получения дополнительной информации к срокам предоставления заявок, указываются контактная информация администратора Программы.

      5. Для участия в отборе инновационных проектов, администратору Программы заявителями предоставляются следующие документы:

      1) заявка по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) пояснительная записка к мероприятиям инновационного проекта согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      3) план реализации мероприятий инновационного проекта согласно приложению 3 к настоящим Правилам;

      4) смета расходов реализации мероприятий инновационного проекта согласно приложению 4 к настоящим Правилам;

      5) резюме специалистов заявителей, участвующих в реализации инвестиционного проекта;

      6) нотариально засвидетельствованные копии лицензий, патентов, свидетельств, сертификатов, дипломов и других документов, подтверждающих в научной, научно-технической и инновационной сферах аграрного профиля либо для сличения оригиналы документов в обязательном порядке;

      7) для юридических лиц:

      нотариально засвидетельствованные копии учредительных документов (устава и учредительного договора) юридического лица либо для сличения оригиналы документов в обязательном порядке;

      справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица;

      справка об отсутствии налоговой задолженности и задолженности по обязательным пенсионным взносам и социальным отчислениям (за исключением случаев, когда срок уплаты отсрочен в соответствии с законодательством Республики Казахстан);

      оригиналы справок банков или филиалов банков, в том числе иностранных банков с подписью и печатью, в которых обслуживается заявитель, об отсутствии просроченной задолженности по всем видам обязательств заявителя длящейся более трех месяцев, предшествующих дате выдачи справки, перед банком или филиалом банка. Справка должна быть выдана не ранее одного месяца на момент подачи заявки;

      нотариально заверенная копия свидетельства об аккредитации научно-исследовательской организации, либо для сличения оригиналы документов в обязательном порядке;

      8) для физических лиц:

      нотариально засвидетельствованную копию удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, копии документов индивидуального предпринимателя либо для сличения оригиналы документов в обязательном порядке;

      справка об отсутствии или наличии налоговой задолженности налогоплательщика.

      6. Документы, оформленные в соответствии с требованиями настоящих Правил, для участия в отборе предоставляется заявителем сформированными в единую папку, с пронумерованными страницами и запечатанными в конверт.

      7. Заявитель обеспечивает полноту и достоверность представленных документов, исходных данных, расчетов, обоснований.

      8. После истечения срока приема заявок администратором Программы в течение пяти рабочих дней проводится предварительный отбор заявок.

      Предварительный отбор проводится по следующим критериям:

      1) полнота представленной информации, ее соответствие требованиям настоящих Правил;

      2) соответствие мероприятий приоритетным направлениям развития в агропромышленном комплексе региона.

      9. Заявка подлежит отклонению, в случае если:

      1) заявителем предоставлена не полная либо недостоверная информация или оформление заявки не соответствует требованиям настоящих Правил;

      2) место реализации инновационного проекта находится за пределами области;

      З) заявляемое мероприятие не относится к приоритетным направлениям развития в агропромышленном комплексе области;

      4) заявитель - субъект в агропромышленном комплексе ранее получил средства в рамках инновационного проекта, однако ход реализации мероприятий признан неудовлетворительным.

      10. При отклонении заявки представленные документы возвращаются заявителю с указанием причины.

3. Общие положения о комиссии, организация ее деятельности

      11. Администратор программы создает конкурсную комиссию по отбору инновационных проектов (далее – Комиссия) с включением в ее состав представителей заинтересованных местных исполнительных органов, местных представительных органов (по согласованию), независимых экспертов (по согласованию), которая утверждается постановлением акимата области.

      12. Комиссия является постоянно действующим коллегиальным органом. Комиссия организовывает свою работу на принципах открытости, гласности и коллегиальности. Общий состав Комиссии составляет не менее пяти человек.

      13. Рабочим органом Комиссии является администратор Программы.

      14. Оповещение заявителя о дате проведения заседания Комиссии, подготовку предложений по повестке дня заседания, необходимых документов и оформление протокола после проведения заседания осуществляет секретарь Комиссии.

      15. Заседания Комиссии правомочны при наличии двух третей от общего числа ее состава. Решения принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов комиссии. В случае равенства голосов голос председателя Комиссии считается решающим.

4. Комплексная оценка и отбор заявок

      16. Комиссией по инновационным проектам, прошедшим этап предварительного отбора заявок, обеспечивается проведение комплексной оценки заявок. Комплексная оценка проводится Комиссией по следующим критериям:

      1) обоснованность запрашиваемого финансирования;

      2) соответствие направлений расходования финансирования, объемов финансирования и других параметров требованиям заявки согласно настоящих Правил;

      3) степень влияния мероприятий на развитие в агропромышленном комплексе региона и уровень производительности труда;

      4) соответствие правового статуса, платежеспособности заявителей требованиям настоящих Правил;

      5) соответствие квалификации и уровня технического оснащения заявителей целям и задачам мероприятий.

      17. В ходе проведения комплексной оценки заявки Комиссия может запрашивать у заявителей разъясняющую информацию, привлекать при необходимости специалистов соответствующей квалификации с целью обеспечения качественного проведения оценки. Комплексная оценка и отбор заявок проводится в течение десяти рабочих дней.

      18. Заявителям, заявки которых получили отрицательное заключение комплексной оценки, администратор Программы отправляет официальные письма с указанием причины отказа, в течение пяти рабочих дней после принятия соответствующего протокольного решения Комиссии.

      19. Положительное решение Комиссии по предоставлению средств является основанием для администратора Программы по финансированию мероприятий за счет выделенных средств.

      20. Администратор Программы в течение пяти рабочих дней со дня принятия решения о финансировании инновационного проекта, подписывает и направляет победителю конкурса, проект договора об инновационном проекте. Срок заключения договора об инновационном проекте не может быть более десяти рабочих дней со дня направления победителю конкурса проекта договора.

5. Финансирование и освоение средств

      21. Средства выплачиваются победителю конкурса согласно плану реализации мероприятий. Порядок и форма оплаты предусматриваются условиями договора.

      22. Средства используются строго в соответствии с целевым назначением, предусмотренным договором.

      23. Победители конкурса обязаны, по платежам мероприятий обеспечить ведение бухгалтерского учета.

      24. Средства не могут быть использованы на покрытие имеющейся налоговой задолженности участвующих в инновационном проекте сторон.

      25. Затраты, связанные с приобретением основных средств, сельскохозяйственных животных, генетического материала, других расходных материалов для масштабного тиражирования результатов мероприятий (горюче-смазочных материалов, семенной материал, запасные части, другие), содержанием зданий и сооружений, покрываются за счет собственных средств субъектов в агропромышленном комплексе участвующих в реализации мероприятий.

      26. В ходе реализации инновационного проекта в целях проверки соответствия осуществленных затрат плану реализации, бюджету проекта администратор Программы, при необходимости с привлечением специалистов заинтересованных уполномоченных органов местного исполнительного органа, осуществляет текущий финансовый мониторинг. Ежемесячные или ежеквартальные акты выполненных работ (оказанных услуг) составляются победителем конкурса в трех экземплярах и утверждаются Комиссией.

      При необходимости, в целях мониторинга реализации мероприятий, победитель конкурса обязан обеспечить доступ представителей уполномоченных органов местного исполнительного органа к объектам, на которых осуществляется реализация мероприятий, а также предоставление по их официальному запросу всей необходимой информации, непосредственно касающейся процесса реализации мероприятий.

6. Заключительные положения

      27. В случае нецелевого использования полученных бюджетных средств, эти средства подлежат возврату в порядке определенном законодательством Республики Казахстан.

  Приложение 1 к Правилам организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Алматинской области

Форма заявки

1.

Номер регистрации и дата (заполняется сотрудниками администратора Программы)


2.

Название мероприятия


3.

Отрасль (подотрасль) внедрения и распространения инновационного опыта


4.

Краткое описание мероприятия (отразить основные цели и суть проекта, конкретное применение результатов проекта, опыт участия в реализации аналогичных проектов)


5.

Продолжительность проекта (в месяцах)


6.

Дата начала и завершения проекта


7.

Сумма запрашиваемых средств (в тенге)


8.

Название, адрес, телефон, факс, адрес электронной почты заявителя


9.

Фамилия, имя, отчество, адрес, телефон, электронная почта контактного лица заявителя


10.

Руководитель инновационного проекта (сотрудник научно-исследовательской организации), (указывается и должность, телефон, факс, электронная почта)


11.

Название, адрес, телефон, факс, электронная почта субъектов агропромышленного комплекса, участвующих в реализации инновационных проектов


  Приложение 2 к Правилам организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Алматинской области

Пояснительная записка к мероприятиям инновационного проекта

      1. Название мероприятия по реализации инновационного проекта.

      2. Место реализации мероприятия: населенный пункт.

      3. Цель и задачи мероприятия (не более 1 страницы

      4.Краткое описание основного заявителя (научно-исследовательской организации) и субъектов в агропромышленном комплексе, участвующих в мероприятии (не более 0,5 страницы)

      - полное наименование;

      описание деятельности основного заявителя и субъектов в агропромышленном комплексе участвующих в мероприятий;

      - ключевые специалисты, виды выполняемых ими работ (с приложением резюме и документов, подтверждающих квалификацию);

      - информация о реализации других проектов в рамках данного мероприятия.

      5. Обоснование мероприятий: с указанием имеющихся в данном сегменте производства проблем, на решение какой проблемы будет направлено мероприятие. Описание актуальности и необходимости реализации мероприятия, его влияния на уровень технологического развития в агропромышленном комплексе региона и производительности труда (не более 0,5 страницы).

      6. Описание основных работ, выполняемых в рамках реализации мероприятий: какие работы будут выполняться, конкретные решения и технологии, предлагаемые для использования в производстве, для апробации и демонстрации в ходе исполнения проекта, оценка практического значения для конкретного хозяйства, экономики района и области. Необходимо привести цель каждой работы, содержание, продолжительность, ожидаемые результаты, потребность в ресурсах, в том числе методологию научно-исследовательской организации по внедрению и распространению научной разработки (технологии) на базе субъекта в агропромышленном комплексе, участвующего в реализации мероприятий (не более 2,5 страниц).

      7. Результативность: количественные и качественные показатели мероприятия. Предложения заявителя должны включать в себя конкретные результаты влияния на улучшение производительности труда, эффективности производства и экономики района (области).

      Необходимо отразить экономические выгоды от реализации плана мероприятий по внедрению инновационного проекта в сравнении с ранее используемыми технологиями, обосновать целесообразность мероприятий с точки зрения развития агропромышленного комплекса области, ситуации на аграрном рынке (не более 1,5 страниц).

      8. Экологическая оценка должна содержать оценку влияния реализации мероприятия на окружающую среду и природные ресурсы региона (положительное, нейтральное или негативное). В случае негативного влияния необходимо указать, что будет проделано для смягчения такого влияния (не более 0,5 страницы).

      9. Риски: основные риски для успешного завершения мероприятия и меры по преодолению таких рисков (не более 0,5 страницы).

      10. Жизнеспособность проекта: необходимо описать меры, которые будут предприняты для обеспечения устойчивости производства субъектов в агропромышленном комплексе, участвующих в реализации мероприятия, после завершения финансирования в рамках инновационных проектов (не более 0,5 страницы).

  Приложение 3 к Правилам организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Алматинской области

План реализации мероприятий инновационного проекта (указать название)

Виды работ

Ожидаемые результаты (1 год)

1- квартал

2- квартал

3- квартал

4- квартал

1.






2.






Виды работ

Ожидаемые результаты (2 год)

1- квартал

2- квартал

3- квартал

4- квартал

1.






2.






  Приложение 4 Инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Алматинской области

Смета расходов реализации мероприятий инновационного проекта (указать название) (тысяч тенге)

Статьи расходов

Единица измерения

Цена

Стоимость

в том числе по месяцам

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Заработная плата
















1.1.

















1.2.

















2.

Командировочные расходы
















3.

Канцелярские расходы
















4.

Транспортные расходы
















5.

Другие расходы (указать)
















5.1.

















5.2.

















6.

Итого прямых расходов
















7.

Накладные расходы
















Итого:
















      Примечание: Указывается отдельно на каждый год реализации мероприятия.

      Примечание: Указать отдельно расходы, финансируемые из бюджетных средств и собственных средств заявителей (при наличии).