"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
"Еңбекшіқазақ ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2015 жылғы 09 ақпандағы № 42-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3083 тіркелген, 2015 жылдың 17 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
"Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы" 2015 жылғы 09 ақпандағы № 42-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3082 тіркелген, 2015 жылдың 17 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | К. Байгоджаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Ахметов |