"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қаратұрық ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылдың 26 наурыздағы қорытындысының негізінде, Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратұрық ауылдық округінің Қаратұрық ауылындағы "Больничная" көшесі "Жетісу" көшесіне, "Космонавт" көшесі "Сайрам" көшесіне, "Калинин" көшесі "Желтоқсан" көшесіне, "Ленин" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне;
- Ащысай ауылындағы "К. Маркс" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне, "Первомайская" көшесі "Жібек Жолы" көшесіне, "Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне;
- Тауқаратұрық ауылындағы "Кольцевая" көшесі "Желтоқсан" көшесіне;
- Лавар ауылындағы "МТФ" көшесі "Қайнар бұлақ" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратұрық ауылдық округінің әкімі | Е. Самсыбеков |