"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Саймасай ауылдық округінің Саймасай ауылының халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 маусымдағы қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Саймасай ауылдық округінің Саймасай ауылындағы "Садовая" көшесі "Алмалы" көшесіне, "Интернациональная" көшесі "Ынтымақ" көшесіне, "Колхозная" көшесі "Хан Тәңірі" көшесіне, "Первомайская" көшесі "1 мамыр" көшесіне, "Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне, "Дружбы" көшесі "Достық" көшесіне, "Комсомольская" көшесі "Жасұлан" көшесіне, "Октябрьская" көшесі "Жетісу" көшесіне, "Мельничная" көшесі "Береке" көшесіне, "Озерная" көшесі "Бастау" көшесіне, "Студенческая" көшесі "Алатау" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | М. Мейрамқұлов |