"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов аудандық мәслихатының "Панфилов ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 17 мамырдағы № 6-36-223 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4735 тіркелген, 2018 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Заңдылық, азаматтардың құқығын, қоршаған ортаны қорғау, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Панфилов аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Р. Тулакбаев |
Панфилов аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Е. Шоқпаров |