Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 16.04.2019 № 6-69-396 шешімімен (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Панфилов ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Бюджет және экономика, аграрлық, кәсіпкерлік, өндіріс, автокөлік жолдары, құрылыс мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Панфилов аудандық мәслихатының | |
сессиясы төрағасы | А. Иманбеков |
Панфилов аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Е. Шоқпаров |
Панфилов аудандық мәслихатының 2019 жылғы "____" ______________ "Панфилов ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № _______ шешіміне қосымша |
Панфилов ауданы аумағыңда қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Рет. № | Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салықтық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1 | 2 | 3 |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
2. | Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 7 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4. | Ойын жолы | 45 |
5. | Карт | 8 |
6. | Бильярд үстелі | 9 |
7. | Уәкілетті ұйымның арнайы аймақта орналасқан айырбастау пункті | 8 |
8. | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 12 |