"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 және 50-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына және әуе апатына байланысты, Талғар ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Талғар ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Талғар ауданы әкімінің орынбасары А. Ашимахун тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талғар ауданының әкімі | Ж. Умаров |