Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларының 14 және 21-тармақтарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 572 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 50 тіркелген, 2019 жылғы 5 шілдеде "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға "Жергілікті бюджет есебінен 2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы" қосымшасының
"
Шымкент қаласы білім басқармасының "Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі | |||
121103 2 | Тігінші | 225 | 50 | 275 | ||
121107 2 | Модельер-пішуші | 50 | 50 | |||
1209000 | Тоқу өндірісі (түрлері бойынша) | |||||
120901 2 | Тоқушы | 50 | 50 | |||
Барлығы | 325 | 50 | 375 |
";
деген қатары мынадай редакцияда жазылсын:
"
Шымкент қаласы білім басқармасының "Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі | |||
121103 2 | Тігінші | 169 | 50 | 219 | ||
121103 2 | Тігінші (инклюзив) | 32 | 32 | |||
121107 2 | Модельер-пішуші | 50 | 50 | |||
1209000 | Тоқу өндірісі (түрлері бойынша) | |||||
120901 2 | Тоқушы | 50 | 50 | |||
Барлығы | 301 | 50 | 351 |
".
"
Барлығы қала бойынша | 2192 | 537 | 2729 |
";
деген қатары мынадай редакцияда жазылсын:
"
Барлығы қала бойынша | 2168 | 537 | 2705 |
".
2. "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;
3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнiң бірінші орынбасары Қ.Нұртайға жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 29 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
қала әкімі | Е. Айтаханов |