Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 01.04.2020 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген), Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 305 (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 19 сәуірде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері" осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
қала әкімі | Е. Айтаханов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "23" желтоқсандағы № 980 қаулысына қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "15" сәуірдегі № 305 қаулысына қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия соммасы, теңге |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі | |||||
Етті ірі қара мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1. | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы |
бас/ | 10 000 | 1 116 | 11 160 000 |
1.2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 20 000 | 382 | 7 640 000 | |
1.3. | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 27 | 4 050 000 |
1.4. | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | 225 000 | 127 | 28 575 000 | |
Сүтті және сүтті-етті ірі қара мал шаруашылығы | |||||
1. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | ||||
1.1. | Отандық немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен әкелінген шетелдік | сатып алынған бас | 150 000 | 12 | 1 800 000 |
1.2. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы | 5 000 | 3 186 | 15 930 000 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 60 | 91 000 | 5 460 000 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1. | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылысу маусымы | 2 500 | 1017 | 2 542 500 |
1.2. | Қойлардың тауарлық аналық басы | 1 500 | 3 789 | 5 683 500 | |
1.3. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 8 000 | 687 | 5 496 000 |
1.4 | Асыл тұқымды ешкілердің аналық басын сатып алу | 40 000 | 297 | 11 880 000 | |
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас/шағылысу маусымы | 40 000 | 537 | 21 480 000 |
Балара шаруашылығы | |||||
1. | Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы/маусым | 5 000 | 8 452 | 42 260 000 |
Барлығы | 163 957 000 | ||||
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері | |||||
Етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату |
қосқан салмағы, | 200 | 3 375 600 | 675 120 020 |
1.2. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату |
тiрiдей салмағы, | 200 | 71 087 | 14 217 400 |
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
1.1. | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 10 | 3 212 260 | 32 122 600 |
1.2. | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 10 | 780 015 | 7 800 150 | |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | ||||
1.1. | 100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 2,5 | 66 896 627 | 167 241 567 |
1.2. | 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 2 | 26 792 500 | 53 585 000 |
Барлығы | 950 086 736 |