РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабы 9-шы тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" Жамбыл облысы мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 32-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 41-10 шешімінің (Жамбыл облысының Әділет департаментінде № 1804 тіркелген, Жамбыл облыстық "Ақ жол" газетінде № 10 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіптік дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | Б. Саудабаев |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Қарашолақов |