РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Облыстың поселкелері, ауылдары (селолары) мен ауылдық (селолық) округтерінің әкімшілік-аумақтық құрылымын ретке келтіру туралы" Жамбыл облыстық мәслихаты мен Жамбыл облысы әкімінің 1997 жылғы 28 наурыздағы № 365 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 407 болып тіркелген, 2001 жылдың 24 тамызында "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен шешімнің 1 қосымшасының 1 бағанындағы реттік нөмірі 2 жолы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Қызыл Жұлдыз ауылы (Жамбыл ауданынан), Үлгілі ауылдық округі (Үлгілі ауылы), Қостөбе ауылдық округі (Талас станциясы)".
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мырзахметов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Қарашолақов |