РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына және 62 бабының 6 тармағына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тараз қаласында 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4092 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 17 қаңтарында жарияланған) төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы төмендегі мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдармен толықтырылсын:
"Kunim-Ai" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 130 | 27931 | 10000 |
"Радуга Алем" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 80 | 27931 | 10000 |
"Динара алтыным" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 27931 | 10000 |
"Барыс" бөбекжай-бақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 200 | 27931 | 10000 |
"Адемай" бөбекжай-бақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 80 | 27931 | 10000 |
"Айшатай" бөбекжай-бақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 75 | 27931 | 10000 |
"Ырым" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 150 | 27931 | 10000 |
"Сәби-жан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 27931 | 10000 |
"Айзере2" ясли-бақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 27931 | 10000 |
"РозАль" орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 75 | 27931 | 10000 |
2. "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулының Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабайға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Қ. Досаев |