РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы "Нысаналы топтарға қосымша адамдарды белгілеу туралы" № 31 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 24 ақпанында №109 болып тіркелген, "Шұғыла-Радуга" газетінде 2010 жылдың 6 наурызында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж.Телеуовке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданының әкімі | Б.Қазанбасов |