Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің 10.03.2020 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 48, 50-баптарына, "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалының директоры Қ. Бедебаевтың 2019 жылдың 08 қазандағы № 18-17-25-1214-02 шығыс хаты және Жуалы ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының 2019 жылдың 11 қазандағы № 8 хаттамасының негізінде, "Теріс-Ащыбұлақ" су бөгетін су шайып кету қауіпінің туындауына байланысты, Жуалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жуалы ауданы "Теріс-Ащыбұлақ" су қоймасына объектілік ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Базарбайұлы Жабағы тағайындалсын және осы шешіммен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу таныстырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Ергебеков |