РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қордай аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 28-8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2200 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырда "Қордай шамшырағы" – "Кордайский маяк" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қордай аудандық мәслихатының экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және Қордай аудандық мәслихат аппаратының бас маман заңгері Д. Аширбековке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | Г. Джинлир |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Нұрсипатов |