РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы онамастика комиссиясының 2017 жылғы 29 наурыздағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ноғайбай ауылдық округі Ноғайбай ауылындағы Первомайская көшесінің атауы "Мамыр" деп өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ноғайбай ауылдық округі әкімінің бас маман қаржы агенті М. Нусиповаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ноғайбай ауылдық округі әкімінің | |
міндетін атқарушы | М. Ильясбеков |