Мойынқұм ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық маслихатының 2019 жылғы 8 мамырдағы № 40-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 мамырда № 4232 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 56-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 31.03.2020 № 56-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мойынқұм аудандық мәслихатының әлеуметтік дамуы, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, халықтың денсаулығын сақтау, адам құқықтарын қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді қорғау, жастар, отбасы және әйелдер ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Исабеков
      Мәслихат хатшысы Ш. Исабеков

  Мойынқұм аудандық мәслихатының
2019 жылғы 8 мамырдағы
№ 40-6 шешіміне 1 қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі-Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

      2. Әлеуметтік көмек Мойынқұм ауданында тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.

      3. Осы қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі-уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      1-1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Мойынқұм ауданының әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      5) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      6) уәкілетті орган – "Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Мойынқұм аудандық әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін аудан әкімімен бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      7. Атаулы және мереке күндеріне бір рет берілетін әлеуметтік көмек:

      9 мамырға – Жеңіс күні:

      1.1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 300 000 (үш жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1.2. Қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 100 000 (бір жүз мың) теңге көлемінде;

      1.3. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 100 000 (бір жүз мың) теңге көлемінде;

      1.4. Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) 100 000 (бір жүз мың) теңге көлемінде;

      1.5. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар, сондай- ақ 1941 жылғы 22 маусым -1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиарлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдарға 50 000 (елу мың) теңге көлемінде көрсетіледі.

      2) 15 ақпанға- Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні:

      2.1. Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде;

      2.2. Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде;

      2.3. 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде көрсетіледі.

      3) 26 сәуірде - Чернобыль атом электростанциясындағы апат болған күн:

      3.1. 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде;

      3.2. 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасына 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде көрсетіледі.

      4) 29 тамызға - Семей полигонының жабылған қүні:

      4.1. Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде.

      8. Атаулы және мереке күндеріне бір рет берілетін әлеуметтік көмек- мерейлі мерекелерде екі есе көлемінде көрсетіледі.

      9. Өтініші бойынша ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      1) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 10 еселік көлемінен аспайтын, туберкулез ауруымен ауыратын науқастарды амбулаториялық деңгейде емдеу кезеңінде (дәрігерлердің ай сайынғы анықтамасымен) ай сайын күн көріс деңгейі көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      10. Өтініші бойынша біржолғы әлеуметтік көмек:

      1) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, туберкулез ауруымен ауырып амбулаториялық жағдайда ем алушы тұлғаларға 30000 (отыз мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі;

      2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы азаматтар (отбасылар) үшін әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде және табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде 100 айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде мұқтаж азаматтар бір ай ішінде уәкілетті органға өтініш береді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек, алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Мойынқұм ауданы әкімдігі бекіткен тізім бойынша көрсетіледі.

      12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      13. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы қағидаларға 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға жібереді.

      16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      20. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған.

      23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      24. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Мойынқұм ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген анаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларына
№ 1-қосымша

      Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      _________________________ _________________________
      (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с №

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы 













      Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________
      Отбасының құрамы туралы
      мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
      органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________

      (қолы)
      ______________________________

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларына № 2-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20__ж. "___" _______
      _____________________
      (елді мекен)
      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә.____________________________________
      2. Тұратын мекенжайы ________________________________________
      ______________________________________________________________
      3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай
      __________________________________________________________________
      ______________________________________________________________________
      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______ адам, оның ішінде:

Р/с №

Т.А.Ә.

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай









































      Еңбекке жарамды барлығы _______ адам.
      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _____ адам.
      Балалардың саны: ________
      жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ____ адам, оқу құны жылына ______ теңге.
      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) ___________________________________________________________________
      ________________________________________________________________
      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
      ___________________________________________________________________
      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
      ________________________________________________________________
      ________________________________________________________________
      ________________________________________________________________
      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына





































      6. Мыналардың:
      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ____________________________________________________________________
      ______________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ____________
      ______________________________________________________________________________
      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі_____________________________________________________
      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы ______
      ____________________________________________________________________
      Комиссия төрағасы:
      ________________________ ________________________
      Комиссия мүшелері:

      ________________________ _________________________
      ________________________ _________________________
      ________________________ _________________________
      ________________________ _________________________
      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Жасалған актімен таныстым: _________________________________
      Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
      Тексеру жүргізілуден бас тартамын _____________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні _____
      _______________________________________________________________
      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

      ___________________

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына 3-қосымша

Учаскелік комиссияның №__ қорытындысы

      20 ____ж. ___ ______
      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
      ____________________________________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
      Комиссия мүшелері: __________________ _______________________

      __________________ _______________________
      __________________ _______________________
      __________________ _______________________
      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Қорытынды
      Қоса берілген құжаттармен __ данада 20__ж. "__" ______________ қабылданды
      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган
      қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы_____________________________

      _________________________

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Мойынкумскому району

Решение Мойынкумского районного маслихата Жамбылской области от 8 мая 2019 года № 40-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 16 мая 2019 года № 4232. Утратило силу решением Мойынкумского районного маслихата Жамбылской области от 31 марта 2020 года № 56-5

      Сноска. Утратило силу решением Мойынкумского районного маслихата Жамбылской области от 31.03.2020 № 56-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответсвии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и постановлением Правителства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Мойынкумский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Мойынкумскому району.

      2. Контроль за исполнение настоящего решения возложить на постоянную комиссию по социальному развитию территорий, образование, культуры, развитие языка, охрана здоровья населения, защита прав человека, малообеспеченных слоев населения, защита инвалидов, по делам молодежи, семьи и женщин районного маслихата.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого офицального опубликования.

      Председатель сессии Б. Исабеков
      Секретарь маслихата Ш. Исабеков

  Приложение 1 к решению
Мойынкумского районного маслихата
№ 40-6 от 8 мая 2019 года

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила) разработаны в соответсвии с Законом Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее - Типовые правила).

      2. Социальная помощь предоставляется гражданам постоянно проживающим в Мойынкумском районе.

      3. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее-уполномоченная организация по выплате денежной компенсации) - юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      1-1) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Мойынкумского района по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      4) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      5) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      6) уполномоченный орган – коммунальное государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ акимата Мойынкумского района"

      7) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением Акимов соответствующих административно – территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      4. Для целей настоящих Правил, под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая акиматом Мойынкумского района в денежной или натуральной форме, отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).

      6. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых акима района.

2. Перечень категорий получателей социальной помощи и размеры социальной помощи

      7. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням предоставляется:

      К 9 маю – день Победы:

      1.1. учасникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере 300 000 (триста тысяч) тенге;

      1.2. гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда" в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      1.3. бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      1.4. женам (мужьям) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также женам (мужьям) умерших участников войны, партизан, подпольщиков, граждан, награжденных медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в другой брак в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      1.5. Лица награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лица проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге.

      2) к 15 февралю – день вывода советских войск из Афганистана:

      2.1. военнослужащим, проходившим воинскую службу в Афганистане и военнослужащим, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья при прохождении воинской службы в Афганистане в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      2.2. семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане в размере 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      2.3. рабочим и служащим, направлявшимся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года в размере 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге.

      3) к 26 апреля – день аварии на Чернобыльской атомной электростанции:

      3.1. лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах и ставшим инвалидами вследствии аварии на Чернобыльской атомной электростанции в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      3.2. участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988-1989 годах в размере 15 000 (пятнадцать тысяч)

      4) к 29 августу – день закрытия Семипалатинского полигона:

      4.1. лицам, пострадавшим вследствии ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      8. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням предоставляется в двухкратном размере.

      9. Ежемесячная социальная помощь по обращениям предоставляется:

      - ежемесячная социальная помощь в размере месячного прожиточного минимума лицам, больным туберкулезом, находящимся на амбулаторном уровне лечения (с ежемесячной справкой врачей) со среднедушевым доходом, в размере не прывышающего десятикратного прожиточного минимума.

      10) Единовременная социальная помощь по обращениям предоставляется:

      10.1 лицам, больным туберкулезом, находящимся на амбулаторном уровне лечения предоставляется в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге со среднедушевым доходам, в размере не прывышающего двухкратного прожиточного минимума:

      10.2. гражданам (семьям), имеющий среднедушевой доход, в размере не прывышающий 60 процентов от прожиточного минимума, при наступлении необходимости оказания социальной помощи в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге и при причинении ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, в пределах 100 месячных расчетных показателей.

      При причинении ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, нуждающися граждане в течении месяца обращаются за социальной помощью в уполномоченный орган.

3. Порядок оказания социальной помощи

      11. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому акиматом Мойынкумского района по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      12. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган представляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;

      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к настоящим правилам;

      4) сведения о доходах лица (членов семьи);

      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      13. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      14. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган в течение одного рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      15. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к настоящим Правилам и направляет их в уполномоченный орган.

      16. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      17. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      18. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      19. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      20. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 17 и 18 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя.

      21. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      22. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного местными представительными органами порога для оказания социальной помощи.

      23. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Мойынкумского района на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      24. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Мойынкумского района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      25. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      26. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченый орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".

  Приложение 1 к Типовым
правилам оказания социальной
помощи, установления размеров
и определения перечня
отдельных категорий
нуждающихся граждан

      Регистрационный номер семьи ______________

Сведения о составе семьи заявителя

      _________________________ ___________________________
      (Ф.И.О. заявителя) (домашний адрес, тел.)

№ п/п

Ф.И.О. членов семьи

Родственное отношение к заявителю

Год рождения













      Подпись заявителя ____________________ Дата ______________
      Ф.И.О. должностного лица органа,
      уполномоченного заверять
      сведения о составе семьи _____________________
      (подпись)

  Приложение 2 к Типовым
правилам оказания социальной
помощи, установления размеров
и определения перечня
отдельных категорий
нуждающихся граждан

АКТ
обследования для определения нуждаемости лица (семьи) в связи с наступлением трудной жизненной ситуации

      от "___" ________ 20___г.
      ______________________
      (населенный пункт)
      1. Ф.И.О. заявителя ___________________________________________
      2. Адрес места жительства _____________________________________
      _______________________________________________________________
      3. Трудная жизненная ситуация, в связи с наступлением которой
      заявитель обратился за социальной помощью ___________________________
      _____________________________________________________________________
      4. Состав семьи (учитываются фактически проживающие в семье) __
      человек, в том числе:

№ п/п

Ф.И.О.

Дата рождения

Родственное отношение к заявителю

Занятость (место работы, учебы)

Причина незанятости

Сведения об участии в общественных работах, профессиональной Подготовке (переподготовке, повышении квалификации) или в активных мерах содействия занятости

Трудная жизненная ситуация

















      Всего трудоспособных _________ человек.
      Зарегистрированы в качестве безработного в органах занятости
      _______ человек.
      Количество детей: ______
      обучающихся в высших и средних учебных заведениях на платной
      основе _______ человек, стоимость обучения в год ________ тенге.
      Наличие в семье Участников Великой Отечественной войны,
      инвалидов Великой Отечественной войны, приравненных к участникам
      Великой Отечественной войны и инвалидам Великой Отечественной войны,
      пенсионеров, пожилых лиц, старше 80-ти лет, лиц, имеющих социально
      значимые заболевания (злокачественные новообразования, туберкулез,
      вирус иммунодефицита человека), инвалидов, детей-инвалидов (указать
      или добавить иную категорию) ________________________________________
      _____________________________________________________________________
      5. Условия проживания (общежитие, арендное, приватизированное
      жилье, служебное жилье, жилой кооператив, индивидуальный жилой дом или иное - указать): _____________________________________________________________________
      Расходы на содержание жилья:
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Доходы семьи:

Ф.И.О. членов семьи (в т. ч. заявителя), имеющих доход

Вид дохода

Сумма дохода за предыдущий квартал (тенге) в среднем за месяц за квартал

Сведения о личном подсобном хозяйстве (приусадебный участок, скот и птица), дачном и земельном участке (земельной доли)






      6. Наличие:
      автотранспорта (марка, год выпуска, правоустанавливающий
      документ, заявленные доходы от его эксплуатации)
      _____________________________________________________________________
      ___________________________________________ иного жилья, кроме
      занимаемого в настоящее время, (заявленные доходы от его эксплуатации)
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      7. Сведения о ранее полученной помощи (форма, сумма, источник):
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      8. Иные доходы семьи (форма, сумма, источник):
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      9. Обеспеченность детей школьными принадлежностями, одеждой, обувью:
      _____________________________________________________________________
      10. Санитарно-эпидемиологические условия проживания:
      _____________________________________________________________________
      Председатель комиссии:
      _________________________ _____________________
      Члены комиссии:

      _________________________ ______________________
      _________________________ ______________________
      _________________________ ______________________
      _________________________ ______________________
      (подписи) (Ф.И.О.)

      С составленным актом ознакомлен(а): ___________________________
      Ф.И.О. и подпись заявителя
      От проведения обследования отказываюсь _______________ Ф.И.О. и подпись заявителя (или одного из членов семьи), дата _____
      _____________________________________________________________________
      (заполняется в случае отказа заявителя от проведения обследования)

  Приложение 3 к Типовым
правилам оказания социальной
помощи, установления размеров
и определения перечня
отдельных категорий
нуждающихся граждан

Заключение участковой комиссии № __

      __ _________ 20__ г.

      Участковая комиссия в соответствии с Правилами оказания
      социальной помощи, установления размеров и определения перечня
      отдельных категорий нуждающихся граждан, рассмотрев заявление и
      прилагаемые к нему документы лица (семьи), обратившегося за
      предоставлением социальной помощи в связи с наступлением трудной
      жизненной ситуации
      _____________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество заявителя)

      на основании представленных документов и результатов обследования
      материального положения заявителя (семьи) выносит заключение о
      _____________________________________________________________________

      (необходимости, отсутствии необходимости)

      предоставления лицу (семье) социальной помощи с наступлением трудной
      жизненной ситуации
      Председатель комиссии: ________________ __________________________
      Члены комиссии: _______________________ __________________________

      _______________________ __________________________
      _______________________ __________________________
      _______________________ __________________________
      (подписи) (Ф.И.О.)

      Заключение с прилагаемыми документами
      в количестве ____ штук
      принято "__" ____________ 20__ г. ________________________________

      Ф.И.О., должность, подпись

      работника, акима поселка, села, сельского округа или уполномоченного органа, принявшего документы