РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 304 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2326 болып тіркелген, 2014 жылдың 1 қазанда "Талас тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасында:
1 жолда "Қаратау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 1, "Талас жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағындағы ақпараттық стенд" деген сөздер "Әлия Молдағұлова және Александр Сергеевич Пушкин көшелерінің қиылысының аумағындағы ақпараттық стенд" деген сөздерге ауыстырылсын;
7 жолда "Көктал ауылы, Ленин көшесі, 2, дүкеннің алдындағы стенд" деген сөздер "Тәуелсіздік көшесінде орналасқан ақпараттық стенд" деген сөздерге ауыстырылсын;
8 жолда "Қызыләуіт ауылы, Д. Дүйсенбин көшесі, 57, Р. Шырынбек атындағы ауылдық клуб аумағындағы ақпараттық стенд" деген сөздер "Мәдениет үйінің аумағындағы ақпараттық стенд" деген сөздерге ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Ұлан Бауыржанұлы Алтынкоповқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д. Алиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Талас аудандақ аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
Б. Кошербаев
" " 2019 жыл