Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 55-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 мамырда № 4247 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 71-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 20.04.2020 № 71-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Талас аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Талас аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Х. Джолдасов
      Мәслихат хатшысы А. Тулебаев

  Талас аудандық мәслихатының
2019 жылғы 13 мамырдағы
№ 55-3 шешіміне 1 қосымша

Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, сондай-ақ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

      2. Әлеуметтік көмек Талас ауданында тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жамбыл облысы Талас ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      5) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      6) уәкілетті орган – "Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті Талас аудандық бөлімшесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) ең төмен күнкөріс деңгейі – Жамбыл облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Жамбыл облысы әкімдігі бекіткен ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      7. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмек:

      1) 15 ақпанға - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні:

      1.1) Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери міндетін өтеу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      2) 26 сәуірге - Чернобыль атом электрстанциясындағы апат болған күн:

      2.1) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      3) 9 мамырға - Жеңіс күні:

      3.1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 300 000 (үш жүз мың) теңге мөлшерінде;

      3.2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлерінің әйелдеріне (күйеулеріне) 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3.3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      4) 29 тамызға - Семей полигонының жабылған күні:

      4.1) Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      8. Өтініші бойынша бір жолғы әлеуметтік көмек:

      8.1) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселік көлемінен аспайтын санаттағы азаматтарға (отбасыларға) арнайы комиссияның анықтауымен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еседенген көлемінде;

      8.2) адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайдағы, алдындағы тоқсандық кірісі 2 (екі) еселенген ең төменгі күнкөрiс деңгейiнен аспаған жағдайда, арнайы комиссияның анықтауымен ең төменгі күнкөрiс деңгейінің 2 (екі) еселенген көлемінде;

      8.3) әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауыратын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жеті еселік мөлшерінен аспайтын, азаматтарғы арнайы комиссияның анықтауымен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген көлемінде;

      8.4) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жеті еселік мөлшерінен аспайтын орташа табысы бар мұқтаж азаматтарға (отбасыларына) арнайы комиссияның анықтауымен 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі шекте көрсетіледі.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде мұқтаж азаматтар үш ай ішінде өтініш береді.

      9. Өтініші бойынша мерзімді әлеуметтік көмек:

      9.1) Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жеті еселік мөлшерінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауырып, амбулаториялық жағдайда емін жалғастырушы науқасқа ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінде көрсетіледі.

      10. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді орган бекітеді.

      11. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      12. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстық жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігі бекіткен тізім бойынша көрсетіледі.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы қағидалардың 19 және 20 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жанбасына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Жамбыл облысы Талас ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      27. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Талас ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Талас аудандық мәслихатының
2019 жылғы 13 мамырдағы
№ 55-3 шешіміне 2 қосымша

Талас аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдердің тізбесі

      1. "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26-6 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2101 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтарда "Талас тынысы" газетінде жарияланған).

      2. "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 маусымдағы № 34-8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2272 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 шілдеде "Талас тынысы" газетінде жарияланған).

      3. "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26 – 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 41-7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2606 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 сәуірде "Талас тынысы" газетінде жарияланған).

      4. "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26 – 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 48-5 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2890 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Талас тынысы" газетінде жарияланған).

      5. "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №26-6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2016 жылғы 31 мамырдағы № 4-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3114 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 29 маусымда жарияланған).

      6. "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсанындағы № 26-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 16-11 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3385 болып тіркелген, 21 сәуірде 2017 жылы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      7. "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №26-6 шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 51-4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4110 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 05 науразда 2019 жылы электронды турде жарияланған).

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Таласскому району

Решение Таласского районного маслихата Жамбылской области от 13 мая 2019 года № 55-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 22 мая 2019 года № 4247. Утратило силу решением Таласского районного маслихата Жамбылской области от 20 апреля 2020 года № 71-6

      Сноска. Утратило силу решением Таласского районного маслихата Жамбылской области от 20.04.2020 № 71-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Таласский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Таласскому району согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Таласского районного маслихата, согласно приложению 2 к данному решению.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по социально – правовой защите жителей и вопросам культуры Таласского районного маслихата.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Х. Джолдасов
      Секретарь маслихата Тулебаев А.

  Приложение 1 к решению
Таласского районного маслихата
от 13 мая 2019 года № 55-3

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Таласскому району
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", а также постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее- Типовые правила).

      2. Социальная помощь предоставляется гражданам постоянно проживающим на территории Таласского района.

      3. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Таласского района Жамбылской области по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) праздничные дни - дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      4) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      5) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      6) уполномоченный орган – коммунальное государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ акимата Таласского района Жамбылской области";

      7) уполномоченная организация – департамент "Межведомственный расчетный центр социальных выплат" - филиал некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Жамбылской области отделение Таласского района;

      8) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;

      9) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Жамбылской области.

      4. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая акиматом Таласского района Жамбылской области в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).

      6. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утвержденных акиматом Жамбылской области.

2. Перечень отдельных категории получателей социальной помощии размеры социальной помощи

      7. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням предоставляется:

      1) к 15 февраля - день вывода советских войск из Афганистана:

      1.1) Военнослужащим, проходившим воинскую службу в Афганистане и военнослужащим, ставшим инвалидами вседствие ранения, контузии, увечья при прохождении воинской службы в Афганистане в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге;

      2) к 26 апреля - день аварии на Чернобыльской атомной электростанции:

      2.1) Лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах и ставшим инвалидами вследствие аварии на Чернобыльской атомной электростанции вразмере 30000 (тридцать тысяч) тенге;

      3) к 9 мая - День Победы:

      3.1) Участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере 300 000 (триста тысяч) тенге;

      3.2) Женам (мужьям) умерших участников войны, которые не вступили в другой брак в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      3.3) Лицам, награжденным орденами и меделями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также, лицам, проработавшим не менее 6 месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге.

      4) к 29 августа - день закрытия Семипалатинского полигона:

      4.1) Лицам, ставшим инвалидами вследствие других радиоционных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях и учениях в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге.

      8. Единовременная социальная помощь по обращениям предоставляется:

      8.1) гражданам (семьям), имеющим месячный среднедушевой доход семьи, не превышающий 2 (двух) прожиточных минимума в размере 2 (двух) кратного прожиточных минимума, определяемым специальной комиссий;

      8.2) лицам со дня освобождения в течение 3 (трех) месяцев из мест лишения свободы, состоящим на учете службы пробации, находящимся в трудной жизненной ситуации, доход за квартал, предшествовавший кварталу обращения, не превышающий 2 (двух) кратной величины прожиточного минимума, в размере 2 (двух) кратного прожиточных минимума, определяемым специальной комиссий.

      8.3) лицам больным социально-значимым заболеванием, имеющим месячный среднедушевой доход семьи, не превышающий семикратной величины прожиточного минимума, в размере 2 (двух) кратного прожиточных минимума, определяемым специальной комиссий.

      8.4) при причинении ущерба гражданину (семье) либо его имуществу, вследствие стихийного бедствия или пожара, нуждающиеся гражданам (семьям) при месячном среднедушевом доходе семьи в размере не превышающий семикратной величины прожиточного минимума в пределах до 100 (сто) месячного расчетного показателя, определяемым специальной комиссий.

      При причинении ущерба гражданину (семье) либо его имуществу, вследствие стихийного бедствия или пожара, нуждающиеся граждане в течение трех месяцев обращаются за социальной помощью.

      9. Периодическая социальная помощь по обращениям предоставляется:

      9.1) лицам больным социально-значимым заболеванием туберкулезом, продолжающим амбулаторное лечение в размере прожиточного минимума ежемесячно, имеющим месячный среднедушевой доход семьи, не превышающий семикратной величины прожиточного минимума.

      10. Окончательный перечень оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся и проведения обследований материально-бытового положения лица (семьи) утверждается местным представительным органом.

      11. Специальные комиссии при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются утвержденным местным представительным органом перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся.

      12. К памятным датам и праздничным дням размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере по согласованию с местным исполнительным органом области.

      13. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

3. Порядок оказания социальной помощи

      14. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому акиматом Таласского района Жамбылской области по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      15. Для получения социальной помощи, при наступлении трудной жизненной ситуации, заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа представляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;

      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к Типовым правилам;

      4) сведения о доходах лица (членов семьи);

      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      16. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      17. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации, уполномоченный орган или аким поселка, села, сельского округа в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      18. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа.

      Аким поселка, села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      19. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      20. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      21. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима поселка, села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      22. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней, со дня поступления документов, выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      23. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней, со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи, принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи, на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 19 и 20 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима поселка, села, сельского округа.

      24. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      25. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного местными представительными органами порого для оказания социальной помощи.

      26. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете Таласского района Жамбылской области на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      27. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Таласского района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      28. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      29. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес.

  Приложение 2 к решению
Таласского районного маслихата
от 13 мая 2019 года № 55-3

Перечень некоторых решений Таласского районного маслихата, признанных утратившими силу

      1. Решение Таласского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 26-6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Таласскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2101, опубликовано 25 января 2014 года в газете "Талас тынысы").

      2. Решение Таласского районного маслихата от 23 июня 2014 года № 34-8 "О внесении изменений в решение Таласского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 26-6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Таласскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2272, опубликовано 30 июля 2014 года в газете "Талас тынысы").

      3. Решение Таласского районного маслихата от 2 апреля 2015 года № 41-7 "О внесении изменений и дополнений в решение Таласского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 26-6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Таласскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2606, опубликовано 22 апреля 2015 года в газете "Талас тынысы").

      4. Решение Таласского районного маслихата от 10 декабря 2015 года № 48-5 "О внесении изменений в решение Таласского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 26-6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Таласскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2890, опубликовано 15 января 2016 года в газете "Талас тынысы").

      5. Решение Таласского районного маслихата от 31 мая 2016 года № 4-2 "О внесении изменений и дополнения в решение Таласского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 26-6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Таласскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3114, опубликовано 21 июня 2016 года в Информационно-правовой системе "Әділет").

      6. Решение Таласского районного маслихата от 12 апреля 2017 года № 16-11 "О внесении изменений в решение Таласского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 26-6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Таласскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3385, опубликовано 21 апреля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      7. Решение Таласского районного маслихата от 20 февраля 2019 года № 51-4 "О внесении изменений и дополнений в решение Таласского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 26-6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Таласскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4110, опубликовано 5 марта 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).