РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Шу ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2019 жылғы 21 қаңтардағы №1 хаттамасы негізінде, Шу ауданының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты және елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Шу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Досаев |