Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы №27/01 "2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5312 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылы 13 мамырда, 2019 жылғы 14 мамырдағы №50 (22646) "Орталық Қазақстан" және 2019 жылғы 14 мамырдағы №50 (22454) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. "Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы №27/01 "2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ж. Қасымбек |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
___________
2019 жылғы "____"_______
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы "___" ___________ № _____ қаулысына қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 27/01 қаулысына қосымша |
2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдері
Р/с № | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялау көлемі | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1.1 Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 107 852 | 1 078 520 | |
1.2 Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 15 454 | 309 080 | ||
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 2 393 | 239 300 |
3. | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | сатып алынған бас | 5 893 | 883 950 |
4. | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | 2 255 | 507 382 | |
5. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тiрiдей салмағы, килограмм | 4 220 240 | 844 048 |
6. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | қосқан салмағы, килограмм | 2 755 019 | 551 004 |
7. | Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады) | өндірілген сиыр етінің бір килограмы | ||
Барлық сома | 4 413 284 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу | |||
1.1 Бір жынысты | сатып алынған доза | |||
1.2 Қос жынысты | 93 | 467 | ||
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | |||
2.1 отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік | сатып алынған бас | 326 | 48 900 | |
2.2 Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген | 291 | 65 475 | ||
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | |||
3.1 бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | Өткізілген немесе өңделген килограмм | |||
3.2 бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | 5 061 700 | 101 234 | ||
3.3 бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 4 961 900 | 49 619 | ||
3.4 Ауыл шаруашылығы кооперативі | 1 999 800 | 19 998 | ||
4. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы | 4 660 | 23 300 |
5 | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | ||
6 | Эмбриондарды телу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | бас | ||
7 | Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басының және толықтыратын мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | бас | ||
Барлық сома | 308 993 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 103 193 | 61 916 |
2. | Құс етін өндіру құнын арзандату | |||
1) 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген килограмм | |||
2) 10 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | ||||
3) 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | 5 415 467 | 324 928 | ||
4) 2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | ||||
3. | Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату | |||
4. | Суда жүзетін құс етін өндіру құнын арзандату | |||
Барлық сома | 386 844 | |||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 1 428 238 | 85 694 |
2. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | |||
1) 200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 313 949 000 | 941 847 | |
2) 150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | ||||
3) 100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | 388 821 200 | 972 053 | ||
4) 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | 16 588 636 | 36 495 | ||
5) 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | 7 049 500 | 14 099 | ||
Барлық сома | 2 050 188 | |||
Шошқа шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | сатып алынған бас | 300 | 42 000 |
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас/шағылысу маусымы | 10 293 | 411 720 |
Барлық сома | 453 720 | |||
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ұрықтандырылған бас / шағылысу маусымы | ||
2. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
2.1 Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылысу маусымы | 37 146 | 92 865 | |
2.2 Қойлардың тауарлық аналық басы | 81 407 | 122 111 | ||
3. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 2 345 | 18 758 |
3.1 Асыл тұқымды ешкілердің аналық басын сатып алу | ||||
4. | Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу | бас/шағылысу маусымы | ||
5. | Қозы өткізу құнын арзандату | өткізілген бас | ||
6 | Өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн құнын арзандату | |||
6.1 Сапасы 60-тан басталатын жүн | өткізілген немесе өңделген килограмм | |||
6.2 Сапасы 50-ден басталатын жүн | ||||
Барлық сома | 233 734 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 128 | 12 800 |
2. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 1 548 817 | 92 929 |
Барлық сома | 105 729 | |||
БАРЛЫҒЫ | 7 952 492 |